10.06.2015, 11:18 3156

"Астана ЭКСПО-2017" ҰК ХКБ Бас Ассамблеясыныӊ 157-сессиясында есеп берді

"Астана ЭКСПО-2017" ҰК Халықаралық көрмелер бюросы (ХКБ) Бас Ассамблеясыныӊ отырысында Қазақстанныӊ ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық барысы жөнінде есеп берді. Көрмені қабылдайтын ел егжей-тегжейлі есеп беру үшін жылына екі рет Парижге барып қайтады, бұл ХКБ-ныӊ жобаныӊ жүзеге асырылу барысына жоғары деӊгейде бақылау жүргізетіндігін айғақтайды

Астана. 10 Маусым. Kazakhstan Today - "Астана ЭКСПО-2017" ҰК Халықаралық көрмелер бюросы (ХКБ) Бас Ассамблеясыныӊ отырысында Қазақстанныӊ ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық барысы жөнінде есеп берді. Көрмені қабылдайтын ел егжей-тегжейлі есеп беру үшін жылына екі рет Парижге барып қайтады, бұл ХКБ-ныӊ жобаныӊ жүзеге асырылу барысына жоғары деӊгейде бақылау жүргізетіндігін айғақтайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазақстан делегациясыныӊ қатысуымен өткен ХКБ Бас Ассамблеясыныӊ 157-сессиясы 2015 жылдыӊ 9 маусымында Парижде өз жұмысын бастады. Отырыс кезінде Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық жөнінде толық есеп берілді. "Астана ЭКСПО-2017" ҰК Басқарма төрағасы орынбасары Вера Кобалия өзініӊ баяндамасында көрме аумағындағы нысандардыӊ құрылысы бекітілген кестеден оза жүргізіліп жатқандығын атап өтті. Ғимараттардыӊ іргетасын қалау және жертөле қабаттарын салу секілді жұмыстар аяқталып біткені туралы мәлім болды. Жалпы алғанда, бүгінгі күні бүкіл құрылыс-монтаж жұмыстарыныӊ 35%-ы аяқталып біткен.

"Ауаға шығарылатын СО2 мөлшерін азайту", "Энергия тиімділігі жоғары өмір салты" және "Барлығына арналған энергия" деп аталатын тақырыпшалардан тұратын көрменіӊ "Болашақ энергиясы" атты тақырыбы төрт тақырыптық павильонда кеӊінен ашып көрсетіліп, көрмеге келушілер энергия көздерініӊ сан-алуан түрлері, Жердіӊ энергия байлықтарын адамзат қалай тұтынып жатқандығы және энергетика жүйесініӊ келешекте дамуы мүмкін бағыттары жөнінде жан-жақты мәлімет алатын болады. Қазіргі таӊда "Астана ЭКСПО-2017" ҰК көрме мазмұнында қамтылған мәселелерді жеке-жеке пысықтап, тақырыптық павильондардыӊ құрылымын толығымен жетілдіруге кірісіп кеткен.

Париждегі отырыс барысында күзде Астанада өтетін "Болашақ энергиясы" форумын өткізу туралы мәлімет ұсынылды. Биылғы форум көрмеде қамтылатын "Энергия тиімділігі" деп аталатын екінші тақырыпшаға арналатын болады. Естеріӊізге сала кетейік, "Ауаға шығарылатын СО2 мөлшерін азайту" тақырыбына арналған бірінші форум 2014 жылы өткен болатын.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны