11.07.2014, 20:27 2894

"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы Шығыс және Оңтүстік Африка елдеріне арнап семинар өткізді

Астанада "Шығыс және оңтүстік Африка елдеріндегі болашақ энергиясы" тақырыбында шетелдік мамандардың қатысуымен семинар өтті.

Алматы. 11 шілде. Kazakhstan today. Астанада "Шығыс және оңтүстік Африка елдеріндегі болашақ энергиясы" тақырыбында шетелдік мамандардың қатысуымен семинар өтті.

Семинарда Қазақстанның болашақ энергиясына қадам басудағы өзекті мәселелері жайында, ғаламдық экологиялық түйткілдер, энергия үнемділігі және жаңғыртылмалы қуат көздерін пайдалану жайында сөз қозғалды, деп "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында семинар қатысушыларына ұлттық компания мамандары Көрме кешенінің кеңейтілген таныстырылымын жасап, шетелдіктерге жан-жақты мағлұматтар ұсынды.

Бұған дейін бұндай жиын Кариб аймағы елдері өкілдерімен де өткен еді. Биылғы жылдың соңына дейін осындай бірнеше кездесу өткізу жоспарланып отыр. Жалпы ағанда, шараның түпкі мақсаты - "Астана ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесіне шетелдік инвестиция тарту болып табылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны