08.10.2009, 13:35 1749

Астана еліміздегі туризмнің дамуында айрықша орын иемденіп, бүкіл әлемнің туристері тартылатын орталыққа айналуы тиіс - Назарбаев

Астана еліміздегі туризмнің дамуында айрықша орын иемденіп, бүкіл әлемнің туристері тартылатын орталыққа айналуы тиіс. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Астана қалалық әкімдігінде өткен кеңесте осындай пікір айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today. "Біз ішкі және сыртқы жаппай туризмді дамыту туралы көптен бері айтып жүрміз. Туризм жалпы алғанда кірістің 30%-ын береді", - деді Н. Назарбаев.

Астана. 8 қазан. Kazakhstan Today - Астана еліміздегі туризмнің дамуында айрықша орын иемденіп, бүкіл әлемнің туристері тартылатын орталыққа айналуы тиіс. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Астана қалалық әкімдігінде өткен кеңесте осындай пікір айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Біз ішкі және сыртқы жаппай туризмді дамыту туралы көптен бері айтып жүрміз. Туризм жалпы алғанда кірістің 30%-ын береді", - деді Н. Назарбаев.

Осы орайда ол туризм саласында Астанаға айрықша орын берілетінін атап өтті. "Астана бұл мәселеде айрықша орын орын иемденіп, бүкіл әлемнің туристері тартылатын орталыққа айналуы тиіс ", - деді мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, оның айтуынша, Астана туралы интернетте ақпарат берудегі көзқарасты өзгерту қажет. "Интернетте Елордасының лайықты порталы жоқ", - деді Н. Назарбаев.

Оның айтуынша, желіде қазіргі бар Астана туралы ресурс нақты ахуалға сай келмейді. "Ол портал тым ресми сипатта және оның санаулы ғана бөлігі қонақтарға шынымен қажетті ақпаратты бере алады", - деді президент.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы порталда ағылшын тіліндегі ақпараттардың көлемін ұлғайту қажет деген пікірде. "Сайт тек жарым-жартылай ғана ағылшын тілінде. Онда тіпті қаланың картасы да жоқ", - деді ол.

"Жалпы алғанда қалада өткізіліп жататын іс-шаралар туралы ақпаратты алу қиын", - деді Н. Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны