13.06.2018, 18:13 4100

Астана хабы тұғырнамасында ЭЫДҰ әдісімен электронды үкімет бойынша Альянс құрылды

Астана мемлекеттік қызмет хабы жыл сайынғы конференциясы ауқымында Эстония, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Грузия, Армения және Изірбайжан электронды үкіметті дамыту бойынша практиктер Альянсына бірікті.

Астана. 13 маусым. Kazakhstan Today -Астана мемлекеттік қызмет хабы жыл сайынғы конференциясы ауқымында Эстония, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Грузия, Армения және Изірбайжан электронды үкіметті дамыту бойынша практиктер Альянсына бірікті.

Практиктер Альянсы "теӊ теӊімен" қағидатына сай Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) әдісімен құрылып, аймақтыӊ жеті елі арасында ынтымақтастықты арттыру және мемлекеттік қызмет көрсетуді цифрландыру бойынша тәжірибе алмасуға негізделген.

ЭЫДҰ мемлекеттік басқару бойынша директорат талдаушысы Жоао Рикардо Васконселос өз сөзінде: "Теӊ теӊімен" қағидаты бойынша оқыту әлеуметтік-экономикалық жағдайлары ұқсас елдер арасында тұрақты түрде тәжірибе алмасуды білдіреді. Альянс мемлекетті цифрландыру мақсатында ортақ шешімдер мен идеялар іздеуге жол ашады. ЭЫДҰ осы мақсаттарға жетуге әркез қолдау көрсетуге әзір", - деді.

Эстонияныӊ электронды үкімет академиясыныӊ Кеӊесі мүшесі Кристин Лейтнер "Альянс ауқымында қатысушы елдер өкілдеріне қазір мемлекеттік қызметтіӊ 99 пайызы онлайн режимінде көрсетілетін Эстонияныӊ уәкілетті органдарына таныстыру сапары ұйымдастырылатынын" айтты.

"Зерде" холдингі басқарма төрағасы орынбасары Жанат Жахметова Қазақстанныӊ цифрлы мемлекетті дамытуда елеулі нәтижеге жеткендігін айта отырып, практиктер Альянсы электронды үкіметті дамытуға тыӊ серпін беретініне үміт артатындығын жеткізді.

Бұл Альянсты құру идеясы 2017 жылы мемлекеттік басқару саласы сарапшыларына арналған мемлекеттік қызметтерді цифрландыру бойынша халықаралық семинар кезінде көтерілген. Бұл - Астана хабы құрған екінші Альянс. 2016 жылы Изірбайжан, Грузия және Қазақстан мемлекеттік қызмет көрсету бойынша Альянс құрылып, оныӊ нәтижесінде үш елдегі "бір терезе" қағидаты бойынша үш зерттеу жұмысы жасалған болатын.

ЭЫДҰ - Астана хабыныӊ стратегиялық серіктесі әрі құрылтайшыларыныӊ бірі. Конференция барысында: "Біз Хабтыӊ мемлекеттік қызметті жетілдіру саласында тәжірибе мен білім алмасу үшін көп жақты, мойындалған тұғырнамаға айналғандығын мақтан етеміз", - деген болатын ЭЫДҰ мемлекеттік басқару жөніндегі директоратыныӊ басшысы Маркос Бонтури.

Хабқа қазір 40 ел қатысады, оныӊ арасында ЭЫДҰ, ТМД, Орталық Азия және ASEAN елдері бар.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны