25.01.2018, 18:44 4815

"Астана" халықаралық қаржы орталығы мен Waves блокчейн-платформасы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Давоста (Швейцария) өткен Дүниежүзілік экономикалық форум аясында "Астана" халықаралық қаржы орталығы мен Wavesблокчейн-платформасы ынтымақтастық және стратегиялық серіктестік туралы меморандумға қол қойды

Астана. 25 қаӊтар. Kazakhstan Today - Давоста (Швейцария) өткен Дүниежүзілік экономикалық форум аясында "Астана" халықаралық қаржы орталығы мен Wavesблокчейн-платформасы ынтымақтастық және стратегиялық серіктестік туралы меморандумға қол қойды.

Серіктестік мақсаты - жаӊа блокчейн-платформаны қолдана отырып, қаржылық технологияларға арналған озық экожүйені қалыптастыру.

"Waves платформасымен жұмыс жасай отырып, АХҚО қазақстандық стартаптарға өз жобаларын жаӊа технологиялық деӊгейде дамытуға мүмкіндік береді, осылайша аталған бастама Қазақстандағы блокчейн-технологиялардыӊ танымалдығын арттыруға үлес қоспақ. Мұндай тез дамып келе жатқан, өз саласындағы көшбасшы компаниялармен серіктестік орнату АХҚО үшін блокчейн технологиясы элементтерін пайдаланып, қаржылық қызметтер индустриясына жаӊа, тыӊ шешімдер әзірлеуде құзыреттілік пен кәсіби мамандарды даярлауда орасан зор басымдықтар береді" - деп атап өтті АХҚО-ныӊцифрлық технологиялар жөніндегі директоры Исел Жиенбаева.

WavesPlatform негізін қалаушы және СЕО Александр Иванов: "Біз өзара серіктестігіміз Қазақстанға блокчейн-технологиялар саласындағы еӊ озық тәжірибені енгізуге мүмкін беріп, АХҚО-ны әлемдегі аталмыш индустрияныӊ алдыӊғы қатарлы инновациялық орталықтарыныӊ біріне айналдырарына сенімдіміз. Біздіӊ серіктестігіміз аясында жинақталған тәжірибеніӊ арқасында біз сондай-ақ үздік шешімдерді, білім мен технологияны кеӊінен тарата аламыз, бұл ТМД-дағы бүкіл блокчейн-экожүйені дамытуға оӊ әсерін тигізбек" - деп атап өтті.

Сонымен қатар тараптар қаржылық және блокчейн технологиялары саласындағы стартап-компанияларға қолдау көрсетуге және оларға Waves блокчейн-шешімдерін пайдалануға жол ашуға, сондай-ақ АҚХО-ныӊ акселерациялық бағдарламасы алаӊына шетелдік стартаптарды тартуға және оқытып-үйрету іс-шараларын өткізуге ниетті екендіктерін білдірді.

Анықтама ретінде:

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Астана" халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заӊға қол қойды. АХҚО-ныӊ мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деӊгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеӊестік кеӊістікте тұӊғыш рет ағылшын құқығыныӊ қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығыныӊ ресми тілі - ағылшын тілі болады.

АХҚО-ныӊ міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасыныӊ бағалы қағаздар нарығын дамыту, оныӊ халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді. www.aifc.kz

Waves Platform (http://www.wavesplatform.com/) - бұл бизнеске, ұйымдар мен инвесторларға арналған инновациялық шешімдерді ұсынатын халықаралық блокчейн-платформа. Waves блокчейнде эмиссияны, сауда жүргізу және активтерді/өз токендерін айырбастауды жүзеге асырады. Жобаныӊ негізгі ерекшеліктерініӊ бірі - қолдану жеӊілдігі мен жаппай енгізуге баса көӊіл бөлуде. Бәтуаластық алгоритмі ретінде мұнда Proof-Of-Stake қолдану ұсынылады. 2016 жылдыӊ маусым айында Waves ICO-ны (Initial Coin Offering - монеталарды жария сатуды) сәтті аяқтап, нәтижесінде $16 млн доллар (30 000 ВТС) жинады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны