05.07.2008, 16:00 3035

Астана халқы бірнеше жылдан кейін 1 млн адамға жетеді - Мәсімов

Астана халқы бірнеше жылдан кейін 1 млн адамға жетеді - Мәсімов

Астана. 5 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Астана халқы бірнеше жылдан кейін 1 млн адамға жетеді. Бұл туралы бүгін Астаналар мен ірі қалалардың Халықаралық ассамблеясының "ХХІ ғасырдың астаналары: сәулет және қала құрылысындағы жаңашылдық пен дәстүр" атты форумында ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Халық санының өсу қарқыны бойынша Астана қаласы бүкіл ел бойынша жетекші орында тұр. Соңғы 10 жылда оның халқы 250 мыңнан 700 мыңға дейін өсті", - деді К. Мәсімов.

"Астана қаласы 10 жыл бұрын жоспарланғандай 2030 жылы емес, міне, бірнеше жылдан кейін миллионер қалаға айналады деп күтілуде", - деп толықтырды ол.

Премьер-министр Астана қаласы үлкен мүмкіндіктер қаласына, қажырлы, мақсатты және алғыр адамдарды тарту орталығына айналып бара жатыр деп есептейді.

"Соған қарамастан, біз жеткен жерімізде тоқтап қалмаймыз. Біздің орта мерзімдегі басты мақсатымыз - әлемнің дамыған, бәсекеге қабілетті және бизнес жүргізуге қолайлы 30 қаласының қатарына ену", - деп сөзін түйіндеді К. Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны