23.07.2014, 19:40 4179

Астана халқының саны 5 ай ішінде 17,5 мыңға артты

Астана халқының саны 5 ай ішінде 17560 артып, 831995 адамды құрады, - деп Астана қаласының Статистика департаменті хабарлады.

Алматы. 23 шілде. Kazakhstan today. Астана халқының саны 5 ай ішінде 17560 артып, 831995 адамды құрады, - деп Астана қаласының Статистика департаменті хабарлады.

5 ай ішінде Астана халқының саны 17560 артты. Халықтың табиғи өсімі - 8128 адамды, көші-қон ағыны 9432 құрады, деп Астана қаласының Статистика департаменті хабарлады.

"2014 жылдың 1 қаңтарындағы көрсеткішпен салыстырғанда Астана қаласының саны 17560 адамға артты", - делінген хабарламада.

2014 жылдың басымен салыстырғанда, Астана қаласындағы халықтың жалпы саны 17560 адамға, оның ішінде "Алматы" ауданы бойынша - 7023 адамға, "Есіл" ауданы бойынша - 4747 адамға, "Сарыарқа" ауданы бойынша - 5790 адамға көбейді.

2014 жылғы қаңтар-мамырда халықтың табиғи өсімі - 8128 адамды, көші-қон өсімі - 9432 адамды құрады.

2014 жылғы қаңтар-мамырда жалпы Астана қаласы бойынша 9591 туылғандар тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,8%-ға артық. Сонымен қатар, халықтың табиғи өсімі өткен жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 12,3%-ға көтерілді және 8128 адамды құрады.

Халық өлімінің негізгі себептер топтарының арасында ең үлкен үлес салмақты, әдеттегідей, қан айналымы жүйесі аурулары - 36,0%, өскіндер - 21,7%, жазатайым оқиғалар, улану және жарақаттану - 11,3% алады.

2014 жылғы қаңтар-мамырдағы АХАТ органдарында тіркелген некелесулер саны, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,5%-ға, ажырасулар саны 8,0%-ға өсті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны