19.07.2012, 17:56 2564

Астана индустриялық паркінің базасында үй құрылысы комбинаты салынады

"Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасын іске асырудың аясында Астана қаласының индустриялық паркінде үй құрылысы комбинатының жобасы қолға алынды.

Астана. 19-шілде. Kazakhstan Today - Астана индустриялық паркінің базасында үй құрылысы комбинаты салынады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасын іске асырудың аясында Астана қаласының индустриялық паркінде үй құрылысы комбинатының жобасы қолға алынды.

"Индустрияландыру бағдарламасы мен "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасының аясында біз Астана қаласының индустриялық паркінде, еркін экономикалық аумақтың 15 га жеріне үй құрылысы комбинатын салу жөніндегі жаңа жобаны қолға алдық", - деді "Шар-Құрылыс" ЖШС-нің жоба жетекшісі Дінмұхамед Құсайынов Pm.kz сайтына берген сұхбатында.

Жоба жетекшісінің айтуынша, үй құрылысы комбинатының алғашқы өнімін 2013 жылдың І жартыжылдығында шығару жоспарлануда. Комбинат жобасы үй құрылысына арналған жабдықтар шығаратын германдық "Weckenmann" компаниясымен бірлесіп іске асырылуда.

Комбинаттың аккредитациядан өткен өз зертханасы жұмыс істейтін болады және оның міндеті бетон қоспаларының сапасын жетілдіру, жаңа материалдар жасап шығару, технологиялық үдерістің сақталуын бақылау болмақ.

Жоғары технологиялық өндіріс пен өз автоконструкторлық қызметі комбинатқа бөлінген жер телімін жоспарға сәйкес және нысанның қалалық сәулет кешенінде орналасу жағдайына байланысты оңтайландырып пайдалануға мүмкіндік береді.

Айта кету керек, жоба "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасының қолдауына ие болып отыр және "Өнімділік-2020" бағдарламасы бойынша "ҚДБ-Лизинг" компаниясынан 5 пайыз мөлшерлемемен лизинг арқылы жабдықтар сатып алуды жоспарында бар.

Үй құрылысы комбинаты өндіріс пен құрылыс технологияларын жетілдіруге, нарық талаптарына сай келетін сапалы материалдар жасайтын өндірістік қуатты арттыруға мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, "Қолжетімді баспана" бағдарламасын іске асырудың және өндіріс қуатын арттырудың арқасында отандық құрылыс материалдарының үлесі 2020 жылға қарай 90 пайызға ұлғайтылатын болады. Сондай-ақ бағдарлама аясында ірі панельді үй құрылысы технологияларын енгізу және индустриялық құрылыс комбинаттарын құру қарастырылып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны