14.06.2016, 16:57 5029

Астана ядролық сынақтарға батымды тыйым салуға шақырады

Қазақстанныӊ Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартқа (ЯСЖТШ) қатысушы-елдердіӊ министрліктік кездесуіне қатысу үшін Аустрияға сапар жасады

Вена. 14 маусым. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартқа (ЯСЖТШ) қатысушы-елдердіӊ министрліктік кездесуіне қатысу үшін Аустрияға сапар жасады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Оныӊ ашылуында сөз сөйлеу барысында Қазақстанныӊ сыртқы саясат ведомствосыныӊ басшысы Венадағы кездесу ЯСЖТШ қол қоюға ашылуыныӊ 20-жылдығында және Семей ядролық полигоны жабылуыныӊ 25-жылдығында өтіп отырғандығын атап өтті және екі оқиғаныӊ тығыз байланысына тоқтала кетті.

"Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі еӊ ірі полигонды жауып, ядролық сынақтарға тыйым салған әлемдегі алғашқы саясаткер атанды", - деп атап өттіминистр.

1991 жылғы 29 тамыздағы Қазақстан Президентініӊ тарихи жарлығы іс жүзінде ЯСЖТШ-ны келісуге жол ашты. Қазақстан бастамашылығымен осы күнді БҰҰ Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдар күні ретінде атап өтеді. Осы орайда Е. Ыдырысов кездесу қатысушыларына осы жылы 29 тамызда Астанада "Ядролық қарусыз әлем құру" халықаралық конференциясыныӊ өтетіндігі туралы хабарлады, аталған конференция әлемдік саясаткерлердіӊ, парламентшілердіӊ, ғалымдар мен қоғам қайраткерлерініӊ осы бағыттағы күш-жігерін шоғырландыруы тиіс.

Өз сөзінде Е. Ыдырысов халықаралық қауымдастықты біздіӊ Мемлекет басшымыздыӊ "Илем. XXI ғасыр" Манифесі БҰҰ-ныӊ 100-жылдығыныӊ аясында 2045 жылға дейін карусыз әлем құруына бағытталған халықаралық бастамасын белсенді қолдауға шақырды.

Министрлік кездесу шеӊберінде Е. Ыдырысов Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Еуропалық Одақтыӊ Жоғарғы өкілі Федерико Могеринимен бірлесіп, осы қадамды соӊғы жиырма жылда жасамаған мемлекеттердіӊ ЯСЖТШ-ныӊ тез арада күшіне енуіне арналған "дөӊгелек үстел" отырысыныӊ модераторы болды.

Сондай-ақ, ҚР СІМ басшысы ЕО Жоғарғы өкілімен екіжақты мәселелерін, оныӊ ішінде 2015 жылы желтоқсанда қол қойылған Қазақстан мен ЕО арасындағы кеӊейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімніӊ іске асыруын талқылады.

Сол күні Е. Ыдырысов Венадағы БҰҰ бөлімініӊ ғимаратында ядролық сынақтарға қарсы тақырыпқа арналған сурет көрмесініӊ ашылуына қатысты. Оныӊ қатысушыларыныӊ ішінде - белгілі қазақстандық суретші, АТОМ Жобасыныӊ Құрметті елшісі Кәрібек Құйықов болды.

Е. Ыдырысовтыӊ Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктіӊ бас директоры Юкия Аманомен кездесуінде тараптар ынтымақтастықтыӊ тәжірибелік мәселелерін, соныӊ ішінде Төмен байытылған уран банкі туралы келісімніӊ іске асыруын талқылады. Оны Өскемен қаласындағы Үлбі металлургия зауытыныӊ алаӊында құру туралы келісімге 2015 жылғы 27 тамызда Астанада қол қойылғандығы белгілі. Сонымен қатар тараптар Иран ядролық бағдарламасы жөнінде бірлескен кешенді іс-қимыл жоспарын жүзеге асыруын талқылады. Осы құжатқа қол қоюға мен іске асырылуына Қазақстан елеулі үлес қосты.

Е. Ыдырысовтыӊ Аустрия Сыртқы істер министрі Себастьян Курцпен халықаралық ұйымдардағы екіжақты ынтымақтастық пен өзара іс-қимылдыӊ өзекті мәселелері бойынша, соныӊ ішінде ресми Венаныӊ 2017 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымыныӊ төрағалығыныӊ мәнмәтінде келіссөздері өтті.

ЯСЖТШ-ныӊ министрліктік конференциясындағы алаӊда Е. Ыдырысов сыртқы саясат ведомстволар басшылары әріптестерімен бірқатар кездесулер өткізді, онда Қазақстанныӊ БҰҰ Қауіпсіздік Кеӊесініӊ 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшесіне кандидатурасы талқыланды.

Ескерту: ЯСЖТШ 1996 жылғы 10 қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясыныӊ 50-ші сессиясында қабылданды және осы күнге дейін оған Қазақстанды қоса алғанда әлемніӊ 183 мемлекеті қол қойды. Шарт күшіне енуі үшін, құрамына КХДР, Үндістан, Пәкістан, Иран, Израиль, Египет, ҚХР және АҚШ кіретін, қалған 8 мемлекет оған қол қоюы және ратификациялауы тиіс. Қазақстанныӊ ЯСЖТШ қатысушы-елдердіӊ министрліктік кездесуіне қатысқаны қазіргі уақытта Қазақстан Жапониямен бірлесіп ЯСЖТШ-ныӊ XIV бабы бойынша Конференцияныӊ теӊ төрағасы болып табылатынына орай маӊызы зор.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны