08.04.2009, 17:07 3222

Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшылығының үстінен қылмыстық іс қозғалды - қаржы полициясы

Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшылығының үстінен қылмыстық іс қозғалды - қаржы полициясы

Астана. 8 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшылығының үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Ағымдағы жылдың 7 сәуірінде Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Темірлан Кәрібеков пен оның орынбасары Аймұхамбетованың үстінен қаладағы №2 аурухананың мүддесіне орай мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру барысында лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдаланғаны үшін қылмыстық іс қозғалды", - деді М. Жұманбай.

Аталған заңсыз әрекеттердің кесірінен келген шығын көлемі 3,7 млн теңгені құрады, деді ол.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Темірлан Кәрібеков мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру барысында мемлекетке 10 млн астам теңгенің шығынын келтірді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай 1 сәуірде өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті.

"Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Темірлан Кәрібековқа аурухананың мүддесіне орай мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру барысында лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдалану дерегі бойынша айып тағылды", - деді М. Жұманбай.

"Оның қылмыстық әрекеттерінің кесірінен мемлекетке 10,2 млн теңгенің шығыны келтірілді. Ағымдағы жылдың 28 наурызында сот оны үй қамауына алуға санкция берді ", - деді ресми өкіл.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны