01.04.2009, 17:24 2885

Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасының бастығы мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру барысында мемлекетке 10 млн астам теңгенің шығынын келтірді - қаржы полициясы

Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасының бастығы мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру барысында мемлекетке 10 млн астам теңгенің шығынын келтірді - қаржы полициясы

Астана. 1 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Темірлан Кәрібеков мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру барысында мемлекетке 10 млн астам теңгенің шығынын келтірді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Темірлан Кәрібековқа аурухананың мүддесіне орай мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру барысында лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдалану дерегі бойынша айып тағылды", - деді М. Жұманбай.

"Оның қылмыстық әрекеттерінің кесірінен мемлекетке 10,2 млн теңгенің шығыны келтірілді. Ағымдағы жылдың 28 наурызында сот оны үй қамауына алуға санкция берді ", - деді ресми өкіл.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны