15.07.2009, 16:12 2614

Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы директоры мен оның орынбасарына қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды - қаржы полициясы

Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы директоры мен оның орынбасарына қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды - қаржы полициясы

Астана. 15 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы директоры Темірлан Кәрібеков пен оның орынбасары Тәрбие Илмұхаметоваға қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы директоры Темірлан Кәрібеков пен оның орынбасары Тәрбие Илмұхаметоваға қатысты қылмыстық істі тергеу өндіріспен аяқталды" ,- деді М.Жұманбай.

"Темірлан Кәрібеков пен оның орынбасары Тәрбие Илмұхаметоваға ұйымдасқан топ құру арқылы №1 аурухана, №2 емхана және №3 перзентханаға арнап медициналық жабдықтар сатып алуға бөлінген 23 млн 100 мың теңге көлеміндегі бюджет қаржысын жымқыру, сондай-ақ, Астананың онкологиялық диспансеріне арнап медициналық жабдықтарды мемлекеттік сатып алулар кезінде 6,5 млн теңге көлеміндегі қаржыны иемденіп алу үшін лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдалануге әрекеттенді деген айып түпкілікті тағылды", - деі ресми өкіл.

Оның айтуынша, Темірлан Кәрібековке заңсыз жолмен табылған ақшаны заңдастырып алу, қызметтік "Тойота Ланд Крузер" автокөлігін жеке мақсатта пайдалану арқылы лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдалану жолымен мемлекетке алдын-ала есеппен 3,1 млн теңгенің шығынын келтіру жөніндегі айып тағылып отыр.

"Қазір айыпталушылар мен олардың адвокаттары іс материалдарымен танысуда",- деді М. Жұманбай.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны