27.05.2009, 13:48 1403

Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы директорына қосымша айып тағылды - қаржы полициясы

Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы директорына қосымша айып тағылды - қаржы полициясы

Астана. 27 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы директоры Темірлан Кәрібековке қосымша айып тағылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

М. Жұманбайдың хабарлауынша, Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы директоры Темірлан Кәрібековтың және оның орынбасары Тәрбие Илмұхаметованың үстінен қалалық №1 аурухана, №2 емхана және №3 перзентханаға арнап іс жүзінде жеткізілмеген медициналық жабдықтар үшін "Глобус и К" ЖШС-нің есепшотына бюджет қаржысын заңсыз аударып жібергені үшін лауазымдық өкілеттілігін теріс пайдалану деректері бойынша қозғалған үш қылмыстық істі тексеру одан әрі жалғасуда. Мемлекетке келтірілген шығынның алдын-ала көлемі 22,9 млн теңгені құрайды.

"Аталған деректер бойынша сондай-ақ, "Глобус и К" ЖШС-нің директоры Мансұровқа алаяқтық жасағаны үшін айып тағылып, ол ағымдағы жылдың 10 сәуірінде соттың санкциясымен тұтқындалды", - деді М. Жұманбай.

Оның айтуынша, Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы директоры Темірлан Кәрібековтың үстінен тағы бір қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық іс қозғауға "қызметтік "Тойота Ланд Крузер" автокөлігін 2007 жылдың ақпаны мен 2009 жылдың наурызы аралығында отбасының мүшелерін тасымалдауға жеке мақсатта пайдалану арқылы лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдалану жолымен мемлекетке алдын-ала есеппен 3,1 млн теңгенің шығынын келтіру дерегі" себеп болған.

Сондай-ақ, М.Жұманбайдың хабарлауынша, Астананың құрылыс департаментінің бұрынғы директоры Асқар Нұрмағамбетовқа түпкілікті айып тағылды.

"Астананың құрылыс департаментінің бұрынғы директоры Асқар Нұрмағамбетовқа және осы департаменттің екі бөлімінің бастықтары Мұстафаев пен Махметовқа лауазымдық өкілеттіліктерін теріс пайдалану және бюджеттің 1 млрд 40 млн теңгесін ұрлау жөніндегі түпкілікті айып тағылды. Аталған қаржы балабақша, Тілендиев даңғылындағы тұрғын үй кешенін, кітапханасы бар көппәтерлі тұрғын үй, мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша №5 қала құрылысы кешенін, 1200 орынға есептелген орта мектеп, Ақмол кентінде саяси нәубет құрбандарына арнап "Отчаяние и бессилие" және "Борьба и надежда" атты ескерткіштері мен мүсіндері бар мұражай салуға арнап бөлінген",- деді ол.

Қаржы полициясының мәліметінше, қазір айыпкерлер мен олардың қорғаушылары қылмыстық іс материалдарымен танысу процедурасынан өтуде, қылмыстық іс жалпы 13 томды құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны