22.06.2007, 15:15 2849

Астана қалалық прокуратурасы қала аумағында білермендікпен пайдалы қазбалар қазу істері ұйымдасқын қылмыстық топтардың құзырында болу мүмкіндігін жоққа шығармайды

АСТАНА. 22-маусым. Kazakhstan Today. Астана қалалық прокуратурасы қала аумағында білермендікпен пайдалы қазбалар қазу істері ұйымдасқын қылмыстық топтардың құзырында болу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Бұл туралы бүгін Астана қалалық прокуратурасының алқа мәжілісінде мемлекеттік прокуратура органдарының іс-қызметінің заңдылығын қадағалау жөніндегі басқармасының бастығы Думан Қаржаспаев пікір білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Астана қалалық ІІД табиғат қорғау полициясы қызқметкерлерінің тұрақты рейдтері барысында жалпылай тараған пайдалы қазбаларды білермендікпен қазып алу деректері анықталған. Елордасында құрылыс салу қарқыны мен өнеркәсіп өсімі ұлғая түскенін ескерсек, бюджетке тиісті төлемдерді төлемей қазба жұмыстарын жүргізу әсіре пайда әкеледі. Осынау қылмыстық бизнестің ұйымдасқын қылмыстық топтардың құзырында болу мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды",- деді Д.Қаржаспаев.

Оның айтуынша, тек ағымдағы жылдың мамыр айында балшық пен балшықты-қиыршық тасты топырақты білермендікпен қазу деректері анықталған, бұдан, мамандардың есептеуінше, мемлекетке 70 млн теңгенің шығыны келген. "Бұл деректер бойынша қалалық прокуратура "ДСМ-Жол" ЖШС мен "Трансстроймост" АҚ мемлекетке келтірген шығындарын өндіртіп алу және қылмыстық іс қозғау мәселелерін қарастырып жатыр",- деді прокуратура өкілі.

"Уәкілетті мекемелердің қызметкерлері осындай рейдтерді тұрақты жүргізетініне қарамастан, беті ашылған оқиғалар бойыншап лайықты шаралар қолданылмай отыр",- деп санайды басқарма бастығы. "Кейінгі 3 жылда қалада құқық қорғау органдарының экологиялық қылмыстар бойынша қылмыстық істер қозғамағанын атап өту керек",- деді ол.

Д.Қаржаспаевтың айтуынша, "білермендікпен пайдалы қазба өндіруге байланысты жекелеген жағдайларға табиғи ресурстардың пайдаланылуын бақылауға міндетті мемлекеттік органдардың лауазым иелерінің қатысы бар болып шыққан". "Мысал ретінде атайтын болсақ, Астана қалалық ҰҚКД қызметкерлері Астана қалалық әкімшілігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің маманын ұстады. Ол белгілі бір ақшаға білермендікпен пайдалы қазба өндірумен шұғылданған тұлғаларға қорғаушы болған",- деді қалалық прокуратура өкілі.

"ҰҚКД бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің "лауазымдық құзыретін бас пайдасына жарату" жөніндегі 307-ші бабының 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады, қазір алдын-ала тексеру жүргізілуде",- деді ол. Оның айтуынша, Астана қалалық прокуратурасы бұған қоса лауазым иелерінің "өз бетімен пайдалы қазба өндірушілерге қатысты шара қолданбау" оқиғаларын анықтаған.

"Ағымдағы жылдың сәуір айында қоршаған ортаны қорғау жөніндегі аумақтық басқармасының аға инспекторы рейдтік тексеру барысында көлемі 4000 текше метрден асатын топырақты өз бетімен қазып алу дерегін анықтады. Алайда, басқарма тиісті акт жасағанан өзге қандайбір тексеру шарасын қолданбаған, ішкі істер органдарына іс материалдарын жібермеген. Ал "СтройХолдинг БТА" ЖШС-нің іс-әрекетінде қылмыстық жазаға лайық сипат болған",- деді Д.Қаржаспаев. "Сонымен қатар көлемі миллион теңгеден асып жығылған шығынды өтеттіріп алу жайында мәселе қойылмаған",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны