17.06.2009, 15:42 2320

Астана қалалық тұрғын үй басқармасының бастығына бюджет қаржысын ұрлады деген түпкілікті айып тағылды - қаржы полициясы

Астана қалалық тұрғын үй басқармасының бастығына бюджет қаржысын ұрлады деген түпкілікті айып тағылды - қаржы полициясы

Астана. 17 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Астана қалалық тұрғын үй басқармасының бастығына бюджет қаржысын ұрлады деген түпкілікті айып тағылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Астана қалалық тұрғын үй басқармасының бастығы Ерекболат Қабылдин, ҚКК директоры Тамабаев, "Квартирное бюро" АҚ жетекшісі Е. Түктібаев пен "Қарағанды Бақыт-Мұнай" ЖШС жетекшісі А. Жаныбаевқа қатысты істер өндіріспен аяқталды", - деді М. Жұманбай.

"Қабылдин мен Тамабаевқа лауазымын асыра пайдаланды және Астана қаласындағы жекелеген тұрғын үйлерді жылыту үшін дизельдік отын сатып алуға 2008-2009 жылдары бөлінген 91 млн теңге бюджет қаражатын талан-таражға салды деген қорытынды айып тағылды", - деді қаржы полициясының өкілі.

Ресми өкілдің мәліметінше, "Түктібаев пен Жаныбаевқа бұған қоса аталған бюджет қаржысын ұрлауға жәрдемдескен деген түпкілікті айып тағылды".

Қазіргі уақытта айыпталушы жақ іс материалдарымен танысуда.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) қызметкерлері 13 сәуірде Астана қалалық тұрғын үй басқармасының бастығы Ерекболат Қабылдинді ұстады.

Е. Қабылдин "лауазымдық өкілеттілігін теріс пайдалану және бюджет қаржысын ұрлау" деген күдікпен ұсталды.

Сондай-ақ, "Квартирное бюро" АҚ-ның басшысы Түктібаев пен жеке кәсіпкер Жаныбаев та ұсталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны