24.02.2010, 13:32 3055

Астана қаласы ІІД-нің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының екі қызметкері ұсталып, қамауға алынды

Астана қаласы ІІД-нің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының екі қызметкері ұсталып, қамауға алынды

Астана. 24 ақпан. Kazakhstan Today - Астана қаласы ІІД-нің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының екі қызметкері қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін ұсталып, қамауға алынды. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қаңтар айында Астана қаласы ІІД-нің Өзіндік қауіпсіздік басқармасына қала тұрғыны хабарласып, полиция қызметкерлерінің оны қылмыстық жауапкершілікке тартпау үшін ақша бопсалағаны туралы шағымданды. Ол бас тартқаннан кейін полиция қызметкерлері оның машинасының құжаттарын иемденіп, келесі күні ақша әкелуін талап еткен",- деді Қ.Жұманов.

ІІМ өкілінің хабарлауынша, жедел іздестіру іс-шараларының барысында ІІМ ӨҚД-нің қызметкерлері 110 мың теңге алу кезінде қылмысқа қатысы бар адамды ұстады. Оның машинасын қарау кезінде жәбірленуші көлігінің кілті мен құжаттары табылды.

"Осыдан кейін қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының екі қызметкері ұсталып, қамауға алынды. Үшіншісіне қатысты іздеу жарияланып, оны ұстау бойынша шаралар қабылдануда",- деді ресми өкіл.

"Ағымдағы жылдың қаңтар айында полиция қызметкерлері жасаған 11 сыбайлас жемқорлық қылмыстары анықталды. Олардың 8-і ішкі істер органдары өзіндік қауіпсіздік қызметінің күшімен анықталды",- деді Қ.Жұманов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны