13.01.2010, 16:27 3040

Астана қаласы ІІД-нің қызметкерлері көлігімен із-түссіз жоғалып кеткен 39 жастағы елорда тұрғынын өлтіру фактісіне қатысты қылмысты ашты

Астана қаласы ІІД-нің қызметкерлері көлігімен із-түссіз жоғалып кеткен 39 жастағы елорда тұрғынын өлтіру фактісіне қатысты қылмысты ашты

Астана. 13 қаңтар. Kazakhstan Today - Астана қаласы ІІД-нің қызметкерлері көлігімен із-түссіз жоғалып кеткен 39 жастағы елорда тұрғынын өлтіру фактісіне қатысты қылмысты ашты. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Астана қаласы ІІД-нің қызметкерлері өткен жылдың 12 қарашасында "Тойота Ленд-Крузер 200" автомашинасымен із-түссіз жоғалып кеткен 39 жастағы елорда тұрғынын өлтіру фактісіне қатысты қылмысты ашты. Оның мәйіті "Астана-Көкшетау" тас жолының аумағынан табылған болатын",- деді ІІМ өкілі.

Оның айтуынша, полиция қызметкерлеріне Астана қаласында бір жас қыздың "Ленд Крузер" автомашинасын бұдан маркасы төмендеу автокөлік пен қосымша ақыға айырбастайтыны туралы жедел ақпарат келіп түсті.

"Нотариалдық кеңселердің бірінде автокөлікті айырбастауды құжат жүзінде рәсімдеу барысында Оңтүстік Қазақстан облысының азаматшасы мен елорда тұрғыны ұсталды. Осыдан кейін қылмысты ұйымдастырушы болып табылатын бұрын сотталған азамат анықталып, қолға түсті. Ол бұдан бұрын ұсталған адамдармен бірлесіп, кісі өлтіргенін мойындады. Ұрланған автомашина анықталып, күдіктілер ұсталды",- деді Қ.Жұманов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны