11.06.2018, 16:32 5871

Астана қаласында 25-ші Дүниежүзілік тау-кен конгресі өтеді

Илемдік маӊызы зор осындай ірі ауқымды оқиға тек Қазақстанда ғана емес, ТМД аумағында да бірінші рет өткізілмек. Бұл әлемдік тау-кен металлургия өнеркәсібіндегі Қазақстанныӊ беделін айқындайды.

Астана. 11 маусым. Kazakhstan Today - Астана қаласында өтетін тау-кен металлургия өнеркәсібіндегі басты әлемдік іс-шара - 25-ші Дүниежүзілік тау-кен конгресініӊ басталуына екі аптадан аз уақыт қалды. Илемдік маӊызы зор осындай ірі ауқымды оқиға тек Қазақстанда ғана емес, ТМД аумағында да бірінші рет өткізілмек. Бұл әлемдік тау-кен металлургия өнеркәсібіндегі Қазақстанныӊ беделін айқындайды.

ДТК-2018 Ұйымдастыру комитеті АГМП-мен бірге ТКМК саласы мен үрдістеріне қысқаша шолу жасады.

Қазақстанныӊ минералды-шикізат базасы мол: периодты кестеніӊ 99 элементі табылған, елде 85 ірі және 79 орта ТКМК кәсіпорындары бар.

ҮРДІСТЕРГЕ ШОЛУ. ҚАЗАҚСТАННЫӉ ТАУ-КЕН МЕТАЛЛУРГИЯ САЛАСЫ.

Мамандардыӊ болжамы бойынша, алдағы жылдары Қазақстанныӊ тау-кен өнеркәсібін тұрақты өсу кұтіп тұр, оған базалық металдар бағасыныӊ өсуі, сондай-ақ 2017 жылы жүзеге асырылған заӊнамалық түрлендірулер мүмкіндік туғызады.

2017 жылдыӊ соӊында қабылданған "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" кодекс, еӊ үздік әлемдік тәжірибеге сай: құжатта есеп берудіӊ халықаралық стандарттар жүйесін енгізу қарастырылған, жер қойнауын пайдалану құқығын алу рәсімдері жеӊілдетілген, әлемніӊ еӊ үздік әкімшіліктендіру тәжірибелері енгізілуде.

Сектордыӊ ұзақ мерзімді өсуі металдарға деген сұраныстыӊ өсуі және артып келе жатқан ішкі сұраныстыӊ есебінен қамтамасыз етіледі.

Қазақстанныӊ ТКМК заӊнамалық ғана емес, сонымен қатар технологиялық түрлендірулерді бастан кешуде. 2017 жылдыӊ желтоқсан айында Еуразиялық топ (ERG) темір рудасы өндірісін интеграциялау үшін мониторинг пен жасанды интеллект (AI) пайдаланылатын Қашар темір кенішінде "ақылды кеніш" жобасыныӊ іске қосылуы туралы жариялады. Индустрия 4.0 элементтері сектордағы басқа да бірқатар кәсіпорындарда енгізілген. ДТК-2018 шеӊберінде осы бағытқа ерекше назар аударылатын болады. "Инновациялар мен Индустрия 4.0" сессиясында цифрландыру және тау-кен ісінде робототехниканы пайдалану мәселелері қаралады, халықаралық сарапшылар жаһандық тау-кен өнеркәсібіндегі табысты мысалдар мен бизнес -кейстермен бөліседі.

Еуразиядағы экономикалық және географиялық әсерді кеӊейтуге бағытталған Қытайдыӊ "Бір белдеу, бір жол" бастамасы Орталық Азиядағы қытай инвестицияларыныӊ көлемін арттыруға әкеледі. Қазақстан өзініӊ мыс, алтын және уранға бай кен орындарымен инвестициялардыӊ басымды нысаны болып қалады. Астана қаласында ДТК-2018 алаӊында тау-кен секторына капитал және инвестициялар тарту бойынша жетекші халықаралық іс-шаралар сериясы - Mines&Money Eurasia халықаралық инвестиция жөніндегі конференция өтеді. Mines & Money Eurasia конференциясыныӊ мақсаты - Қазақстан нарығындағы сәтті жобалар мүмкіндігін көрсету. Қор акцияларын басқарушылар, жеке сауда палаталар, хедж-қорлар, отбасылық кеӊселер, сондай-ақ Қазақстанда белсенді жұмыс істеуге дайын юниор компаниялармен кездесулер ұйымдастырылады. Конференция шеӊберінде Орталық Азияда тау-кен өндіру бойынша өз жобаӊды қаржыландыру жолдары; әлемдік қаржы нарықтары мен валюта динамикасыныӊ 2018 жылы және келешекте алтынныӊ бағасына қалай әсер ететіні және қандай металдарға инвестициялау керектігі; Жер қойнауы туралы заӊныӊ күшіне енуінен кейін жер қойнауын пайдаланушылар үшін не өзгеретіндігі туралы және одан да басқа сұрақтар көтеріледі.

2017 жылғы негізгі көрсеткіштер:

o Тау-кен өнеркәсібі 9,3% , өӊдеу өнеркәсібі - 5,1% өсті;

o Түсті металдар мен темір рудаларын өндіру 8,2% және 6,9% сәйкесінше өсті;

o Қара металдар өндірісі 6,6% -ға, түсті металдар - 5,5% артты.

ТКМК өндірісі құрылымында үлестер мынадай түрде бөлінеді:

o 60% - түсті металдар

o 20% - қара металдар

o 17% - көмір

o шамамен 3% - басқалары

ТКМК секторында одан әрі өсу үшін шешімдерді табуға септігін тигізу үшін 25-ші мерейтойлық Дүниежүзілік тау-кен конгресініӊ бағдарламасы ТКМК үшін өзекті және геологиялық барлау, өндіру және байыту технологиясы, экология, өнеркәсіптік қауіпсіздік, кадрлар дайындау, қаржылардыруды тарту және жаһандық тау-кен саласын дамытуды болжауға арналған тақырыптарды қамтитын бірқатар мамандандырылған сессияларды қарастырады. Сондықтан, мысалы, "Илемдік бизнес" сессиясында Австралия, Латын Америкасы, Африка, Канада және басқа да елдердіӊ нарығыныӊ мысалында жаһандық тау-кен өндіру өнеркәсібіндегі жалпы нарықтық тенденциялар; бизнес-үдерістерді автоматтандырудыӊ жаӊа мүмкіндіктері; салаға инвестициялар құюдыӊ тиімділігі және тау-кен өнеркәсібіндегі 10 негізгі бизнес-тәуекелдер жөніндегі мәселелер талқыланады.

"Ашық тау-кен жұмыстары" сессиясында геологиялық жағдайлардыӊ асқынуы, кедей кен орындарын дамытуға қатысу, тау-кен жұмыстарын тереӊдету, экологиялық жағдайдыӊ нашарлауы және "жасыл" экономикаға көшу қажеттігі бірқатар технологиялық проблемаларды көтеретіндігі жайлы айтылады, оларды ғылым, өндіріс және әлемдік деӊгейдегі озық технологияларға негізделетін инновацияларды құрудыӊ тығыз өзара байланысы, инвестициялық және технологиялық серіктестік арқылы жүйелі түрде шешу мүмкін.

"Экология, қалдықтарды өӊдеу" сессиясында Жер қойнауы туралы жаӊа кодекстіӊ мәнмәтінінде ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы ҚР заӊнмалық базасын жетілдіру, өндірістік қалдықтарды өӊдеу және кен орнын пайдаланғаннан кейін оныӊ топырақ құнарлығын қалпына келтіруге қатысты мәселелерді талқылау жоспарланып отыр. Экожүйеніӊ тұтастығын сақтау қағидаттарын ұстанатын табиғи ресурстарды белсенді пайдаланушылар ретінде тау-кен өндіру компаниялары үшін осы мәселелер түбегейлі маӊызды болып саналады. Сессияда Қазақстан Республикасыныӊ жаӊа Экологиялық кодексініӊ тұжырымдамасын таныстыру жоспарда бар.

Тау-кен металлургия кешені үшін саланы кадрлық қамтамасыз ету тақырыбы да маӊызды. Сондықтан ДТК шеӊберінде "ТКМК кадрлары" сессиясында кадрларды дайындау саласында мәселелердіӊ тұтас ауқымы: сандық технологияларды және Индустрия 4.0 элементтерін енгізуге және белгілі бір мамандықтар бойынша сұраныстыӊ төмендеуіне байланысты қызметкерлерді қайта даярлау, ТКМК саласында қосарлы оқыту жүйесін енгізу және т.б. қаралатын болады.

"Жаһандық бизнес" сессиясы қатысушыларыныӊ басты назарында тау-кен өнеркәсібі дамыған аймақтарда жалпы нарықтық үрдістер, негізгі бизнес тәуекелдер, капиталды басқару, тау-кен өнеркәсібінде сандық теӊсіздік мәселелері болады.

Илемдік мұхитқа шыға алмайтын Қазақстан үшін алыс шетел нарықтарына өз өнімдерін, әсіресе ТКМК өнімдерін тасымалдау қиын. Осы мәселеде Еуропа одағыныӊ теӊізге шыға алмайтын мүше елдерініӊ тәжірибесі үлгі аларлық, олар ЕО бойынша өз әріптестерініӊ көлік, порт инфрақұрылымын пайдаланады. Осындай зәру мәселелер "Көлік және логистика" сессиясында көтеріледі.

Тиімді өндіру мен өндірістіӊ негізгі факторларыныӊ бірі жоғары сапалы инновациялық жабдықтар мен жаӊа технологиялар болып табылады. 25-ші Дүниежүзілік тау-кен конгресі шеӊберінде MiningWorld Central Asia - 24-ші "Тау-кен жабдықтары, кен және минералдарды өндіру және байыту" халықаралық көрмесі өтеді. 300-ден астам бренд ұсынатын әлемніӊ 200-ден астам компаниясын жинайтын экспозиция жыл сайын өтеді. Экспонент компаниялар табысты іскерлік байланыстар орнатып, серіктестермен ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатуға, бірлескен кәсіпорындарды ашуға, жаӊа жобаларды іске асыруға және жаӊа өндірістік алаӊдарды жабдықтауға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, қатысушылар әлеуетті тапсырыс берушілермен танысып, олардыӊ қажеттіліктерін анықтау мүмкіндігіне ие болады.

Конгресс жұмысы барысында ДТК қатысушыларына Қазақстанныӊ өнеркәсіптік кәсіпорындарымен танысуға мүмкіндік беретін бірқатар экскурсиялар жоспарланған. Бүгінгі күні, көретін нысандар тізіміне "Тау-Кен Алтын" ЖШС аффинаж зауыты (Астана қ.), Васильковское алтын кенорны Altyntau Kokshetau (Ақмола облысы), KAZ Minerals компаниясыныӊ "Бозшакөл" мыс кеніші (Павлодар облысы), "АрселорМиттал Темиртау" АҚ-ныӊ "Казахстанская" шахтасы (Қарағанды облысы Шахтинск), "АрселорМиттал Темиртау" АҚ-ныӊ Қарағанды металлургия комбинаты (Қарағанды облысыныӊ Теміртау қаласы) кіреді.

2018 жылғы Дүниежүзілік тау-кен конгресі Астанада "ЭКСПО-2017" аумағындағы Конгресс орталығында өтеді. Оныӊ жұмысына 50 елдіӊ 1200 делегаты, 37 елден 368 баяндамашы авторлар, 23 елден 58 бірлестіктер, 27 елден 79 жоғары оқу орындары, соныӊ ішінде Австралия, Австрия, Канада, Норвегия және Франция делегациялары қатысады,

Монғолияныӊ тау-кен ісі министрі Долгорсүрэнгийн Сумьяабазар, Польша Кәсіпкерлік және технология вице-министрі Тадеуш Кошчинский, Африкадағы тау-кен өнеркәсібіндегі EY басшысы және тау-кен өнеркәсібіндегі сандықтаудыӊ жетекші сарапшысы Джеймс Маттер, Zijin Mining Group Ltd (Қытай) атқарушы директоры Джордж Фанг, Dean McPherson, ThyssenKrupp Industrial Solutions AG компаниясыныӊ (Германия) вице-президенті Франц Вольперс және тағы да басқа көптеген құрметті қонақтардыӊ келуі күтілуде.

ДТК 2018 ұйымдастырушысы:

Қазақстан Республикасыныӊ Инвестициялар және даму министрлігі ДТК 2018 бірлескен ұйымдастырушысы:

Республикалық тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығы Дүниежүзілік тау-кен конгресініӊ ұраны:

"Инновациялық артықшылық - әлемдік тау-кен өнеркәсібін дамытуға алға қадам".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны