07.10.2009, 15:10 3028

Астана қаласында "Бразерс компани" ЖШС басшылары 8 және 7 жылға бас бостандығынан айрылды

Астана қаласында "Бразерс компани" ЖШС басшылары 8 және 7 жылға бас бостандығынан айрылды

Астана. 7 қазан. Kazakhstan Today - Астана қаласында "Бразерс компани" ЖШС басшылары 8 және 7 жылға бас бостандығынан айрылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Астана қаласында "Бразерс компани" ЖШС басшылары: 8 жыл бас бостандығынан айыруға В. Лакисов, 7 жыл бас бостандығынан айыруға О. Лакисова сотталды. Олар үлескерлік құрылыс саласында заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысып, 588 үлескердің 4,5 млрд.теңге соммасындағы ақшалай қаражатын ұрлаған. Келтірілген залалды өтеу мақсатында 5,1 млрд теңгені құраған тыйым салынған мүлік тәркіленді",- деді ресми өкіл.

Сондай-ақ, Алматы қаласында 12 жыл бас бостандығынан айыруға "BS-Group" ЖШС директоры және құрылтайшысы Поминов, 11 жыл бас бостандығынан айыруға кәсіпорынның тең құрылтайшысы Халиулин сотталды, ал олардың сыбайластары - Макуха мен Мунгатов әрбіреуі 7 жыл бас бостандығынан айыруға сотталды. Олар 155 үлескердің 1 млрд 100 млн теңгесін ұрлаған. Залалды өтеу мақсатында 673 млн теңгенің тыйым салынған мүлкі тәркіленді, деді М.Жұманбай.

Оның айтуынша, бұған қоса Алматыда 6 жыл бас бостандығынан айыруға "Казкоммерцинжиниринг" және "Досор Девелопмент" ЖШС-рінің директоры Оразбаев сотталды. Ол "Елисейские поля" және "Елім-ай" тұрғын үй кешендерінің 1005 үлескерінің 12 млрд 822 млн теңгесін алаяқтық жолмен ұрлаған. Оразбаев ЖШС барлық активтерін және тыйым салынған барлық мүлікті "Алтын сарай" тұрғын үй құрылысы кооперативінің меншігіне берді.

Қаржы полициясының хабарлауынша, Алматы қаласында "Компания КазСтрой ЛТД" ЖШС директорына қатысты қылмыстық іс тергелуде. Ол 368 үлескердің 3 млрд 900 млн теңгесін мақсаттан тыс пайдаланған. Жер учаскелері, пәтерлер мен автомашиналарға тыйым салынды.

Алматы қаласында 320 үлескердің және 1 заңды тұлғаның 4 млрд 239,5 млн теңге ақшалай қаражатын ұрлаған "Бейбарс продактс" директорына қатысты қылмыстық іс тергелуде.

Осы қалада "Курылыс коммерц" ЖШС құрылтайшысы мен директоры қылмыстық жауаптылылыққа тартылды. Олар 82 үлескердің 1 млрд 190 млн теңге көлеміндегі ақшалай қаражатын мақсаттан тыс пайдаланған.

Сондай-ақ, үлескерлерге мансардалық құрылыс нәтижесінде айтарлықтай залал келтірілуде.

Астана қаласында "Астана Мансард строй" ЖШС директоры сотқа тапсырылды, ол рұқсат беру құжаттарынсыз 2007-2009 жылдары 5 тұрғын үйді қайта салуға 36 үлескердің ақшалай қаражатын алып, оларға 56 млн 600 мың теңге залал келтірген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны