15.01.2018, 15:49 5247

Астана қаласында Цифрлық және Миграциялық ХҚКО ашылды

Цифрлық ХҚКО ашылу салтанатына ҚР вице-премьері Асқар Жұмағалиев пен Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев қатысты. ХҚКО аталған бөлімі мемлекет Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ тапсырмасы бойынша жасалған "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасыныӊ аясында ашылды.

Астана. 15 қаӊтар. Kazakhstan Today - Астана қаласында Цифрлық және Миграциялық халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылды.

Цифрлық ХҚКО ашылу салтанатына ҚР вице-премьері Асқар Жұмағалиев пен Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев қатысты.

ХҚКО аталған бөлімі мемлекет Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ тапсырмасы бойынша жасалған "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасыныӊ аясында ашылды.

Цифрлық ХҚКО мемлекеттік қызметтер алу жүйесі толығымен автоматтандырылған және операторлардыӊ қатысуысыз жүзеге асырылады. Орталықта еліміздіӊ азаматтары операторлардыӊ қатысуынсыз өз беттерінше электронды-Цифрлық қолтаӊба алып, 700-ден астам электронды қызмет алатын "Connectionpoint" орналасқан. Қажет болған жағдайда барлық құжаттарды сымсыз принтер арқылы шығарып алуға болады.

Сонымен қатар азаматтар өздерініӊ электронды қолтаӊбалары немесе бір рет қолданатын пароль арқылы 22 түрлі анықтама мен қызмет алатын "қоғамдық қолжетімділік пункті" қарастырылған. Онлайн-кеӊес беру және мемлекеттік органдар басшыларына онлайн түрде арыз-шағым жіберу кабинеті орналасқан. "Электронды үкімет" порталыныӊ қызмет түрлерін өз бетінше алуды үйренгісі келетіндер үшін тегін сынып ұйымдастырылған, ол жерде оқулар мен семинарлар өткізіліп тұрады.

Сапар барысында Ақпарт және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Цифрлық ХҚКО "бір өтінім" принципі бойынша қызмет көрсетуге мүмкіндік беріп, халықтыӊ Цифрлық сауаттылығын арттыруындағы маӊыздылығын атап өтті.

Сынамалы түрде ашылған миграциялық халыққа қызмет көрсету орталығында Қазақстан Республикасыныӊ аумағындағы шет ел азаматтары мемлекеттік қызметтерді "бір терезе" принципі бойынша алатын болады. Егер шет ел азаматтары еӊбек етуге қажетті құжаттарды алу үшін бұрын 5 күн жұмсаса, аталған орталықта 60 минут уақыттарын жұмсайды. Бұл орталықта дәрігерлік тексеру, дактилоскопиядан өтіп, сақтандыру полисін, ЖСН және құжаттарын алуға болады, деп хабарлайды Ақпарт және коммуникациялар министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны