Астана қаласында Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтыӊ халыққа есеп беру кездесуі өтті.
Астана. 19 маусым. Kazakhstan Today - 2017 жылғы 16 маусымда Астана қаласында Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтыӊ халыққа есеп беру кездесуі өтті.
Өзініӊ баяндамасында Н.Ермекбаев ведомствоныӊ 2016 жылы атқарған жұмыстыӊ негізгі нәтижелері туралы, сонымен қатар болашақта министрліктіӊ алдына қойылған басты міндеттер туралы толық айтып берді.
"Министрліктіӊ құрылғанынан бастап бастап біздіӊ барлық күшіміз адамдардыӊ өмірін жайлы жән еқауіпсіз, олардыӊ құқықтары мен еркіндіктерін қамтамасыз етуге бағытталады. Біз жауап беретін салаларда мемлекеттік саясаттыӊ әрбір қазақстандық үшін түсінікті және айқын болуына тырысудамыз.
Осы жұмыстағы басты мақсат - азаматтардыӊ құқықтарын қамтамасыз ету, мемлекет пен азаматтық қоғам күштерін біріктіру, зайырлы және демократиялық принциптерді нығайту", - деп атап өтті министр.
Қазіргі таӊда елімізде 18 конфессия жұмыс істейді. Олар 3 658 діни бірлестікке біріккен. Қазақстандықтардыӊ 15% діндар адамдар, яғни діни рәсімдерді тұрақты орындайтындар. Азаматтардыӊ 75% Құдайға сенеді, бірақ тұрақты түрде діни жораларды орындамайды және діни бірлестіктер қызметіне тартылмаған. Азаматтардыӊ шамамен 10%-ы өздерін атеист немесе агностик деп санайды.
Министрліктіӊ дін саласындағы басты басымдығы - кез келген радикалды діни ағымдарға мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру, мемлекеттіӊ зайырлылық принциптерін нығайту.
"Зерттеулер нәтижелері азаматтардыӊ көбі зайырлылық құндылықтарын жоғалтып алуға болмайтын игілік деп есептейтінін көрсетті. Бұл ретте - зайырлы мемлекет -атеист мемлекет емес екенін атап өткім келеді", - деді министр.
Қазіргі уақытта министрліктіӊ үйлестіруімен экстремизм мен терроризмніӊ профилактикасы бойынша жүйелі жұмыс жолға қойылды. Дін саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия өз жұмысын бастады.
Ведомствоаралық өзара іс-қимылдыӊ бірқатар маӊызды нәтижесі ретінде ғибадат орындарыныӊ маӊайында қауіпсіздіктіӊ күшейтілгенін атап өтуге болады. Бұл жұмыстыӊ нәтижесінде мешіттерде тәртіп бұзу үлесі бірден төмендеді. Сонымен қатар, діни материалдарды тарату арналарына тұрақты мониторинг жасау жолға қойылды. 2016 жылы тек біздіӊ министрлік 10750 сайтты зерделеді. Оныӊ ішінде 1500 жуық сайттардан заӊсыз контент табылып, олар заӊ тәртібімен жабылды. 2017 жылы мониторинг объективіне 6 мыӊнан астам сайт түсті. Оныӊ ішінде 900-і заӊсыз контент таратқан.
Бұған қоса әлеуметтік желілерге, кітап, баспа өнімдеріне сараптама жүргізіледі.2017 жылы 1,5 мыӊнан астам объекті сараптамадан өтті. Оныӊ ішінде 54 материал құқыққа қайшы контенті бар деп танылды. Сонымен қатар Қылмыстық-атқару жүйесі комитетініӊ барлық кітапхана қорына сараптама жүргізілді.Оныӊ барысында 2017 жылы 13 кітап деструктивті мазмұнда деп табылды.
Министрлік жұмысыныӊ тағы да бір маӊызды нәтижесі - экстремизмніӊ алдын алу саласында Қайта даярлау институтын құруы. Ол министрліктіӊ әдістемелік қолдауымен "Нұр Мүбарак" университеті базасында жұмыс істейді. 2016 жылдыӊ қазан айынан бастап осы институттан 40 имам мен теолог мамандар дайындықтан өтті.
Тәуекел топтарын оӊалту жүйесі жолға қойылды.Негізгі әріптестеріміздіӊ бірі "Ақниет" оӊалту орталығы. Ол бас бостандығынан айыру орындарында радикалды дінге сенушілермен жұмыс істейді. 2016 жыл ішінде "ақниет мүшелері" 90 түзету мекемесінде жұмыс істеді. Ағымдағы жылы олар 15 мекемені қамтыды.
Өӊірлердегі деструктивті секталардан зардап шеккендерге көмектесуге мүмкіндік беру бойынша жұмыс атқарылып келеді. Ол үшін Үкіметтік емес ұйымдар бірлесіп кеӊес беру орталықтар желісі құрылды. Бұл жоба бойынша 24 Үкіметтік емес ұйымдар министрліктіӊ серіктесі болды.Министрдіӊ айтуы бойынша, ерекше назарды қажет ететін өӊірлерде тек кеӊес беру орталықтары емес, сондай-ақ толық қызмет көрсететін психологиялық оӊалту қызметтері бар.
Үлкен көмекті "Қауырт желі -114" көрсетіп келеді. Бұл жоба азаматтарға тек консультация беріп қана қоймай, құқық бұзушылық туралы сигналдарға жедел ден қоюға мүмкіндік берді.
Қазіргі таӊда Министрлік заӊдарға өзгерістер енгізу топтамасын әзірледі. Топтама негізін "Дін саласындағы мемлекеттік саясаттыӊ 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы" құрайды. Ол мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынастыӊ жаӊа форматын ұсынады.
Топтаманыӊ екінші бөлігі - "ҚР кейбір заӊнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар жөніндегі" Заӊ жобасы. Қазір ол әзірлену үстінде.
Жоба келесі нормаларды ұсынады: шетелде діни білім алуды реттеу; қоғамдық орындарда адамныӊ түрін тануға кедергі келтіретін киімдерге заӊмен тыйым салу; діни бірлестіктердіӊ қаржылық ашықтығын қамтамасыз ету; діни көзқарасқа қарамастан барлық санаттағы адамдардыӊ, деструктивті "(теріс) идеологиялық, соныӊ ішінде діни ағымдардыӊ сыртқы көріністеріне тыйым салу құқығын қорғау; мемлекеттік қызметшілердіӊ діни қызметке қатысуын реттеу; кәмелет жасқа толмағандарды діни қызметке заӊсыз тартуға жауапкершілікті күшейту.
Бұдан басқа осы заӊ жобасында "құдайға құлшылық ету", "діни әдебиет", "діни радикализм", "деструктивті діни ағым" және тағы басқалар сияқты бірқатар түсініктердіӊ анықтамасы нақтыланады.
"Осы жұмыстағы негізгі мақсат - еліміздіӊ болашағыныӊ қауіпсіздігі. Радикалды діни бағыттардыӊ қауіпті мәнін, дәстүрлі діни негіздер мен олардыӊ арасындағы айырмашылықтарды тауып, адамдардыӊ түсінгені бізге маӊызды"., - деп атап өтті министр.
Министрлік жұмысыныӊ тағы да бір жауапты бағыты - дінге қызығушылығы бар азаматтардыӊ діни ақпараттандырылуын және олардыӊ діни сауаттылығын арттыруды қамтамасыз ету. Еліміз бойынша 306 арнайы теологиялық және ақпараттық топтар жұмыс жасайды. Олардыӊ құрамында - 3500-нан астам адам дінтанушылар, теологтар, ҮЕҰ, діни бірлестіктердіӊ белсенділері мен сарапшылары қатарынан. Министрлік өткен жылы осы топтарға 50 әдістемелік нұсқаулық пен басшылық әзірледі. 3000 дәріскерге арнайы оқу бағдарламасы бойынша арнайы курстар жүргізілді.
Ведомство басшысы министрліктіӊ дайын үлгілер мен қалыптардан бас тартып, ақпараттық жұмыс санын емес, сапасын арттыруға акцент жасайтынына назар аударды.
Министр азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл мәселелеріне тоқтала келе, бұл мәселе бойынша бірінші кезекте үздіксіз ашық диалог орнату маӊыздылығы туралы айтты.
Министрлік өткен жылдыӊ аяғында, бір алаӊда еліміздіӊ барлық өӊірлерінен 300-ден аса үкіметтік емес ұйымдары жиналған VII азаматтық форумын өткізді. ҮЕҰ-мен бірге VII азаматтық форумыныӊ ұсыныстар жоспары әзірленді.
Биыл алғаш рет шілде-қыркүйек аралығында өтетін ҮЕҰ арналған сыйақы конкурсы өтеді.
Министрлік ҮЕҰ-мен ынтымақтастық жөніндегі үйлестіру кеӊесініӊ аясында қоғамныӊ өзекті мәселелерін анықтау бойынша үнемі мониторинг жүргізіп отырады. Бірінші тоқсанында министрлік әртүрлі саладағы үкіметтік емес ұйымдармен бірге 130 әлеуметтік өзекті мәселелерді анықтады.
Н.Ермекбаев ҮЕҰ осы форматтағы жұмысты кеӊейту туралы ұсыныс бергенін атап өтті. Нәтижесінде мемлекеттік органдар бірінші басшыларыныӊ ҮЕҰ өкілдерімен кездесу кестесін Үкімет бекітті. Осылайша, ұсыныстар, мәселелерді және идеяларды тікелей өӊірлер мен министрліктер басшыларына жеткізудіӊ тағы бір жолы пайда болды.
Министрлік үкіметтік емес ұйымдармен бірігіп, азаматтық қоғам саласындағы заӊнаманы жетілдіруін жалғасатырып келеді. 2016 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тиімділігін және бағалауын қалыптастыруда азаматтардыӊ міндетті түрде қатысуын ұсынатын "Коммерциялық емес ұйымдардыӊ қызметі мәселелері бойынша кейбір заӊнамалық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" заӊ жобасы әзірленді.
ҮЕҰ-мен жұмыстан бөлек министрлікке еріктілік және қоғамдық кеӊестердіӊ саласындағы функциясы бекітілген.
Министрлік Парламент депутаттарымен бірлесе 2016 және 2017 жылдары "Волонтерлік қызмет туралы" заӊ жобасын аяқтады. Оныӊ негізінде "Есепке алу және мониторинг жүргізу тізімініӊ" Типтік ережелері дайындалды.
Қазіргі уақытта жергілікті өӊірде жұмыс істеп тұрған еріктілер ұйымдарыныӊ біліктілігі мен оларды тарту мүмкіндігі жайлы ақпаратты тез арада алауға мүмкіндік беретінҚазақстаныӊ ерікті ұйымдары мен топтарыныӊ картасы әзірленуде.
Сонымен қатар, қоғамдық кеӊестердіӊ құқықтық базасы жетілдірілуде. Жылдыӊ екінші жартысында кеӊестерді жетілдіру бойынша барлық бастамалары мен жаӊалықтары берілетін Қоғамдық кеӊестердіӊ біріншіМәжілісіөтеді.
Министрлік үкіметтік емес ұйымдармен гранттар және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде жобалық ынтымақтастықты дамытуда. 2017 жылы гранттық қаржыландыру 3 есеге артып, 650 млн. теӊгені құрады.
Жылдыӊ басында эксперттік комиссия 42 грантты берді. Барлығы 183 ұйымнан 320 өтініштер қарастырылды.
"Біз 2016 жылы жобалардыӊ тек қана республикалық деӊгейде болуы жайлы үкіметтік емес ұйымдардыӊ сынын ескердік. Биыл гранттардыӊ үштен бір бөлігі өӊірлердегі жұмысты және жергілікті қауымдастықтыӊ дамуын ескереді. Кейін бұл тенденция ары қарай дами беретін болады", - деді спикер.
Осы жылы "АСАР" үш жақты ынтымақтастық форумныӊ өтуі алғаш рет жоспарлануда. Форум үкіметтік емес ұйымдардыӊ әлеуметтік идеясын ұсынудыӊ, әлеуметтік кәсіпкерліктіӊ және бизнеспен ынтымақтасудыӊ алаӊы болмақ.
Министрлік ҮЕҰ Дерекқор базасын толтыру бойынша жұмыстарды жалғастыруда. Қазіргі таӊда Дерекқорда 3000 жуық қазақстандық және шетел ұйымдарыныӊ тәжірибесі көрсетілді. Осы жылдан бастап Дерекқор базасына мәліметтерді онлайн түрде беруге болады. Күзде Дерекқордағы мәліметтерге барша халық қолжетімлікке ие болады.
"Жастармен жұмыс істеуде біз мемлекет пен қоғамныӊ даму процесін белсенді біріктіруді көздедік", - деп баяндамасын жалғастырды министр.
Өткен жылы Республикалық жастар форумы өтті. Шараныӊ басты нәтижесі жастар және жастар ұйымдарымен ынтымақтастықты дамыту бойынша Үкіметке берілген ұсыныстар болды.
Белсенді жастарды қолдайтын тағы бір маӊызды жоба "Дарын" Мемлекеттік сыйлығы. Оныӊ көмегімен жастардыӊ ғылыми және шығармашылық ұмтылыстары ынталандырылады. Өнер, спорт, ғылым, шығармашылық саласында түрлі номинациялар бойынша 26 жас лауреат атанды.
Қаӊтар айында өӊірлердегі жастардыӊ бос уақыты мен өзін-өзі танытуы үшін инфрақұрылымдарды күшейту мәселесін Үкіметте қарау ұсынылды.Нәтижесінде Премьер-Министрдіӊ тапсырмасымен облыстардыӊ, Астана, Алматы қалаларыныӊ әкімдіктері жастардыӊ бос уақытын ұйымдастыру бойынша 2017-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын әзірледі.
Гранттар базасында оларды институционалды нығайту мақсатында жастардыӊ ҮЕҰ-мен ынтымақтастық бір жолға қойылды.
"Астана әкімдігімен бірге "Астана Жастар қаласы" пилоттық жобасы әзірленді. Жоба астана жастарыныӊ жағдайын жақсарту бойынша нақты индикаторларды есепке алады", - деді министр.
Көптеген түскен ұсыныстармен министрлік "Түлектер тақтасы" жобасына бастама жасады. Ол жастарға еӊбек нарығындағы қажеттіліктер, жоғары оқу орындарына, арнайы мамандандырылған оқу орындарына түсу мүмкіндіктері туралы жедел ақпарат беруге бағытталған.
Қорыта айтқанда жүргізілген жұмыстар Министрліктіӊ 2016 жылға арналған стратегиялық жоспарыныӊ жоспарлаған көрсеткіштеріне қол жеткізуге мүмкіндік берді.
Илеуметтік зерттеулер мынаны көрсетті:
Дін саласындағы мемлекеттік саясатты халықтыӊ қолдау деӊгейі 87% құрады;
Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттіӊ өзара қарым-қатынасын жақсы бағалау 60% жетті;
Мемлекеттік жастар саясатыныӊ іске асырылуына риза болғандар 75% құрады.
Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.