25.06.2018, 21:53 4954

Астана қаласында Дүниежүзілік тау-кен конгрессі өтті

Осы жылы Конгресс үш мерейтойлық күнін біріктірді: ДТК құрылған күнінен бастап 60 жыл, 25-ші мерейтойлық ДТК және Астана қаласыныӊ 20 жылдығы.

Астана. 25 маусым. Kazakhstan Today - 19 маусымда Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 Конгресс-орталығында Дүниежүзілік тау-кен конгрессі 2018 өз жұмысын бастады. Осы жылы Конгресс үш мерейтойлық күнін біріктірді: ДТК құрылған күнінен бастап 60 жыл, 25-ші мерейтойлық ДТК және Астана қаласыныӊ 20 жылдығы.

Қазақстанда ДТК өткізудіӊ маӊыздылығынасыра бағалау мүмкін емес. Бүгінгі күні бұл Тау-кен металлургия кешенініӊ (ТКМК) еӊ ірі және салмақты іс-шарасы. Оныӊ ТМД аумағында бірінші рет өткізілуі Қазақстан Республикасыныӊ тұтас алғанда әлемдік қоғамдастықтағы, соныӊ ішінде тау-кен металлургия саласындағы беделін дәлелдейді. Еліміздіӊ ресурстары бай минералды-шикізат базасы болып табылады: периодтық кестеніӊ 99 элементтері бар, оныӊ 70 барланған, ал 60-тан астамы өндірісте пайдаланылуда. Қазақстан әлемдегі негізгі алюминий кенін өндірушілердіӊ ондығы қатарына кіреді,ТМД елдері ішінде темір кені қорлары бойынша үшінші орында, уран өндіру бойынша так Австралияға орын береді, мыс кеніне бай елдердіӊ тізімінде бар. Жыл сайын елімізде 100 млн тоннаданастамкөмір өндіріледі. ТКМК кәсіпорындарыныӊ өнімдері Жапония, Оӊтүстік Корея, АҚШ, Канада, Ресей, Қытай және ЕО экспортталады.

25-ші Дүниежүзілік тау-кен конгресіне 50 елден 1200-ден астам делегат келді. Олардыӊ ішінде Польша Республикасыныӊ Кәсіпкерлік және технологиялар вице-министрі Тадеуш Кошчиньский, Zijin Mining Group Co.Топ Майнинг (Қытай) Атқарушы директоры Джордж Фэнг, Торонто қор биржасыныӊ Тау-кен ісі жөніндегі басшысы (Канада) Дин МакПерсон, ThyssenKrupp Industrial Solutions AG компаниясыныӊ Тау-кен технологиялары бөлімшесініӊ басшысы Торстен Герлах (Германия) және тағы да басқа қадірлі, әрі маӊызды қонақтар бар.

Конгрестіӊ жұмысын Қазақстанныӊ Инвестициялар және даму министрі Жеӊіс Қасымбек ашты. Өз сөзінде ол Конгрестіӊ отандық ТКМК-ін дамыту және елдіӊ халықаралық қатынастарын нығайту үшін маӊыздылығын атап өтті. "Қазақстан үшін тау-кен металлургия кешені ел экономикасын дамытуда маӊызды рөл атқарады. Бұл сектор мұнай-газ саласынан кейін ел экономикасыныӊ құрылымында екінші орынды алады. ТКМК дамытудыӊ негізі бай минералды-шикізат базасы болып табылады. Қазақстан әлемде табиғи қорлар бойынша 6-шы орын алады, минералды шикізатты өндірудіӊ жалпы көлемі бойынша (мұнай-газсыз) 10-шы орынды және жан басына шаққанда пайдалы қазбаларды өндіру бойынша үшінші орынды иеленеді. Сала мыс, уран, титан, ферроқорытпа және полиметаллдар әлемдік нарығында ұсынылған және аймақтық темір, көмір және алюминий нарығына айтарлықтай әсер етеді.

Сонымен қатар, бүгінгі күнде негізгі стратегиялық міндет - елдегі шикізатты барынша өӊдеу, сондай-ақ жоғары қайта қорытуға көшу. Бұл міндеттер Мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асырылады, онда өӊдеу өнеркәсібініӊ басқа да салаларымен біргеқара және түсті металлургия экономиканыӊ басым секторы болып анықталды. Бүгінгі таӊда біз 2010 жылдан бастап экспортқа базалық металлдарды өндіруді арттыра алдық, сондай-ақ жаӊа өнім түрлерін шығаруды бастадық деп айта аламыз", - деді министр.

Сондай-ақ, Қасымбек мырзаныӊ айтуынша, елдегі ТКМК дамуына қолайлы инвестициялық ахуал ықпал етеді. Осы сөздердіӊ дәлелі - ішкі нарықтағы ойыншылардыӊ - Glencore, ArcelorMittal, Posco, Tenaris, ЕвразХолдинг, Polymetal және басқалардыӊ белгілі салаларда әлемдік көшбасшылармен ынтымақтастығы.

"Өткен жылдыӊ аяғында батыс австралиялық үлгіге көшу мақсатында Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы жаӊа кодекстіӊ енгізілуі маӊызды бастама болды. Жаӊа кодексте саланы мемлекеттік реттеудіӊ ашық және айқын әдістерімен, геологиялық ақпаратқа қолжетімділікті, ұлттық стандарттарды жаһандық деӊгейде үйлестіруді қамтамасыз етуде үздік халықаралық тәжірибелер енгізілді. Бұл құжат әлемдік тәжірибе көрсеткендей, шетелдік инвесторларды, соныӊ ішінде60% астам жаӊа кен орындарын ашып жатқан юниор кәсіпорындарды тартуға бағытталған", - деді.

Илемдік экономикаға тау-кен металлургия өнеркәсібініӊ әсері және ДТК саласында Қазақстанмен ынтымақтастықтыӊ келешегі туралыПольша Республикасыныӊ Кәсіпкерлік және тохнологиялар вице-министрі Тадеуш Кошчиньскийөз баяндамасында айтып өтті.

Өз кезегінде, Торонто қор биржасыныӊ Тау-кен ісі жөніндегі басшысы (Канада) Дин МакПерсон әлемде саланыӊдаму перспективалары мен үрдістері және осы үдерістерде ДТК маӊыздылығы туралы айтты.

ERG Директорлар кеӊесініӊ төрағасы Александр Машкевич ТКМК өнімділігі мен тиімділігін арттыру қажеттілігіне назар аударды және компанияныӊ осы бағыттағы жобалары туралы баяндады.

Сарапшылардыӊболжауы бойынша, алдағы жылдары Қазақстанныӊ тау-кен өнеркәсібінтұрақты өсу күтуде, оған базалық металл бағасыныӊ өсуі және 2017 жылы жүзеге асырылған заӊнамалық түрлендірулер септігін тигізеді. Пленарлық отырыстан кейін өткен баспасөз конференциясы барысында, Конгреске қатысушылар Қазақстанныӊ тау-кен металлургия индустриясы үшін ДТК өткізудіӊ нақты тиімділігі қандай, осы саланыӊ ел экономикасына үлесі қаншалықты үлкен, әлем нарығындағы тұрақсыз жағдайға байланысты елдіӊ ТКМК оӊтайландыру және тиімділігін арттыру үшін қандай шаралар жүргізілуде және "жасыл экономика" стандарттарын енгізу үшін қанша уақыт қажет екендігін біледі.

Республикалық тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығыныӊ атқарушы директорыРадостовец Николай: "Біз үшін, Дүниежүзілік тау-кен конгресі -жан-жағымызға қарау, әріптестерімізбен жетістіктерімізді салыстыру, үздік әлемдік тәжірибелерді, әсіресе Модернизация 3.6 мәнмәтінінде технологиялық даму және саланыӊ заӊнамалық реттелуіне қатысты тәжірибелерді қабылдау мүмкіндігі. Сондықтан, бұл іс-шараныӊ сала үшін ауқымы мен маӊызы теӊдессіз.

ДТК халықаралық алаӊында жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу жүйесінеенгізілетін аса маӊызды өзгерістер ұсынылады. Өткен жылдыӊ соӊында қабылданған жаӊа Салық кодексінде Қазақстанда геологиялық барлауды дамытудыӊ айтарлықтай ынталандырулары берілген, соныӊ ішіндехалықаралық стандарттарға сәйкес 2019 жылдан бастап коммерциялық табу бонусыжойылады, жалдау төлемдеріне көшу көрсетілген.

2018 жылы Қазақстанда осы салаға қатысты реттеу тәсілдерін тұжырымдамалық түрде өзгертуге және елді ЭЫДҰ стандарттарына жақындатуға бағытталған жаӊа Экологиялық кодексті әзірлеу басталады".

Сондай-ақ, ДТК-2018 шеӊберіндеMiningWorld Central Asia - 24-ші "Тау-кен жабдықтары, кен және минералдарды өндіру және байыту" халықаралық көрмесініӊ ашылуы өтті. Бұл көрме Қазақстанда жыл сайын өткізіліп, "қанатыныӊ" астына әлемніӊ 200-ден астам компаниясын жинайды. Биылғы жылы 24 елдіӊ 250-ден астам компаниясы көрмеге қатысуға ниет білдірді. Олардыӊ ішінде Aramine, AtlasCopco, CFT Group, Dressta, MetsoMinerals, Mclanahan, FLSMidth, SandvikMiningandConstruction, Thrane, Outotec, Thyssenkrupp, Вист Групп және басқа да көптеген саланыӊ жетекші көшбасшылары бар.

Жалпы ұлттық стендермен Австралия, Австрия (көрмеде алғаш рет өзініӊ ұлттық стендін ұсынады), Ұлыбритания, Канада, ҚХР, Норвегия, Польша, Финляндия, Франция, Чех Республикасы қатысты.

Ақтөбе мыс компаниясы, KazMinerals, ERG, Kazakhmys, Kazzinc секілді жетекші тау-кен өндіруші және тау-кен өӊдеуші кәсіпорындардыӊ экспозициясы MiningWorldCentralAsia көрмесініӊ осы жылғы ерекшелігі болып табылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны