27.01.2012, 11:08 3335

Астана қаласында елбасының қатысуымен парламент палаталарының біріккен отырысы басталды

Бірлескен отырысқа парламент палаталарының депутаттары, премьер-министр мен президент әкімшілігінің басшысы, үкімет мүшелері, министрліктер мен ведомство басшылары және мемлекеттік органдар қызметкерлері қатысуда.

Астана. 27-қаңтар. Kazakhstan Today - Астана қаласында елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен парламент палаталарының біріккен отырысы басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, бірлескен отырысқа парламент палаталарының депутаттары, премьер-министр мен президент әкімшілігінің басшысы, үкімет мүшелері, министрліктер мен ведомство басшылары және мемлекеттік органдар қызметкерлері қатысуда.

Отырыста мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауына орай баяндамасын бастады. Жолдау елдегі жағдай мен мемлекетіміздің ішкі және сыртқы саясатындағы басым бағыттарды қамтиды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны