07.02.2013, 10:51 2995

Астана қаласында "Қолжетімді баспана - 2020" бағдарламасы бойынша азаматтардан өтініштерді қабылдау басталды

"Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ 2013 жылғы 18 ақпаннан бастап 18 сәуірге дейін "Қолжетімді баспана - 2020" бағдарламасы аясында салынып жатқан жайлылығы 3-санаттағы үйлерден ("таза" әрленген) пәтер сатып алушылар пулын жасақтау жүргізілетіндігін хабарлайды", - делінген таратылған хабарда.

Астана. 7-ақпан. Kazakhstan Today - Астана қаласында "Қолжетімді баспана - 2020" бағдарламасы бойынша азаматтардан өтініштерді қабылдау басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бағдарлама операторы - "Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-дан хабарлады.

"Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ 2013 жылғы 18 ақпаннан бастап 18 сәуірге дейін "Қолжетімді баспана - 2020" бағдарламасы аясында салынып жатқан жайлылығы 3-санаттағы үйлерден ("таза" әрленген) пәтер сатып алушылар пулын жасақтау жүргізілетіндігін хабарлайды", - делінген таратылған хабарда.

"Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-ның салымшылары болып табылатын азаматтар "Қолжетімді баспана - 2020" бағдарламасы бойынша арнайы тұрғызылып жатқан үш тұрғын үй кешеніндегі баспаналардан үміттене алады.

Олар: Жұмабаев даңғылы, Айнакөл және Қордай көшесі арасында Айнакөл көшесі бойынша орналасқан көпқабатты тұрғын үй кешені.

Барлығы - 716 пәтер, оның ішінде 1, 2, 3 және 4 бөлмелі пәтерлер, ең жоғарғы есептік жалпы ауданы 35,64 ш.м. мен 97,4 ш.м. аралығында, бағасы - 1 ш.м. үшін 142 500 теңге.

Құрылыс аяқталатын мерзім - 2013 жылғы 30 қараша.

Астана қаласындағы Сейфуллин көшесі мен Бейсеков көшесі қиылысында орналасқан көпқабатты тұрғын үй кешені.

Барлығы - 198 пәтер, оның ішінде 1, 2, 3 және 4 бөлмелі пәтерлер, ең жоғарғы есептік жалпы аудан 33,57 ш.м. мен 87,83 ш.м. аралығында, бағасы - 1 ш.м. үшін 142 500 теңге.

Құрылыс аяқталатын мерзім - 2013 жылғы 30 қараша.

Астана қаласындағы Ғ.Мүсірепов көшесі, Ш.Құдайбердіұлы даңғалы және Мұстафин көшесі кварталында орналасқан көпқабатты тұрғын үй кешені.

Барлығы - 99 пәтер, оның ішінде 1, 2, 3 және 4 бөлмелі пәтерлер, ең жоғарғы есептік жалпы ауданы 35,57 ш.м. мен 87,35 ш.м. аралығында, бағасы - 1 ш.м. үшін 142 500 теңге.

Құрылыс аяқталатын мерзім - 2013 жылғы 30 қараша.

Құрылыс нысандары бойынша толық ақпарат алып, өтініш беруге болатын мекенжай: Астана қ., Сығанақ көш., 29 үй, ШК-3, телефон: "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ орталық филиалы 8 (7172) 51 -70-46; 51-70-47;

ҚКО 1, Московская көш. 29 , тел. 31-41-74, 31-41-20

ҚКО 2, Абая көш.8, тел. 40-42-76, 40-72-77, 40-72-78

ҚКО 3, Кажымукана көш.12 А., тел. 36-19-20, 36-19-07

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны