08.02.2018, 16:19 5352

Астана қаласында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ Астана әкімдігімен бірлескен "Астана - адалдық алаӊы" жобасы бастау алды

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ Төрағасы Алик Шпекбаев пен Астана қаласыныӊ әкімі Исет Исекешев "Астана - адалдық алаӊы" жобасыныӊ жарғысына қол қойды

Астана. 8 ақпан. Kazakhstan Today - Астана қаласында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ Астана әкімдігімен бірлескен "Астана - адалдық алаӊы" жобасы бастау алды.

Бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ Төрағасы Алик Шпекбаев пен Астана қаласыныӊ әкімі Исет Исекешев "Астана - адалдық алаӊы" жобасыныӊ жарғысына қол қойды.

Мемлекеттік мекеме басшылары сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған қарамағындағы қызметкерлері үшін жауаптыболады

Астана әкімдігінде өткен "Астана - адалдық алаӊы" жоба тұсаукесерінде бірінші басшыларыныӊ жеке жауапкершілігінарттыру туралы хабарланды.

"Астана қаласы әкімдігініӊ бірінші басшыларыныӊ тоқсан сайынғы бағалауына, басшылардыӊ сыбайлас жемқорлықтыӊ алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарын бақылау критерийлері енгізілетін болады" - деп мәлімдеді жоба жетекшісі.

Оныӊ айтуынша, "Бұрынғы кезде жауапкершілікке тек орындаушы тартылатын еді. Алдағы уақытта мемлекеттік мекемелердіӊ бірінші басшыларыныӊ осы салада жіберілген олқылықтары үшін жауапкершілігі қарастырылатын болады".

Жоба тобымен мемлекеттік мекемелердіӊ бірінші басшылары қызметін бағалау өлшемдері қосымша әзірленеді.Бұл өлшемдер ұжымдағы моральдық-психологиялық климаты жақсартуға, міндеттерді біркелкі бөлу, қызметкерлеріне сыйақы беру, бюджет қаражатын бөлуде және т.б. басшылардыӊ жеке мүдделілігін арттыруға ықпал етеді.

Еске сала кету қажет, бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ Төрағасы Алик Шпекбаев пен Астана қаласыныӊ әкімі Исет Исекешев "Астана - адалдық алаӊы" жобасыныӊ жарғысына қол қойды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны