11.10.2007, 17:19 2936

Астана қаласында үстіміздегі жылдың 9 айы ішінде жол-көлік оқиғаларынан 85 адам қаза тапқан - Астана қалалық ІІД

Астана қаласында үстіміздегі жылдың 9 айы ішінде жол-көлік оқиғаларынан 85 адам қаза тапқан.

Астана. 11-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Астана қаласында үстіміздегі жылдың 9 айы ішінде жол-көлік оқиғаларынан 85 адам қаза тапты. Бұл жөнінде бүгін баспасөз мәслихатында Астана қалалық Ішкі істер департаментінің жол полициясы басқармасының басшысы Орынбасар Қосанов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Ағымдағы жылдың 9 айында Астана жолдарында 380 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Олардан 85 адам қаза тауып, 459 адам әртүрлі дене жарақаттарын алған" , - деді О. Қосанов.

Оның мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғаларынан қайтыс болғандардың саны өткен жылдың осындай мезгілімен салыстырғанда 7,84 пайызға азайған. Ал жарақат алғандардың саны бойынша 28,14 пайыз төмендеу тіркеліп отыр.

"Жол-көлік оқиғаларының кең таралған себептерінің бірі жолдарда жылдамдық белгіленген режимін бұзу, жолдың қарсы бетіне шығу, белгіленбеген орында жолды кесіп өту болып табылады", - деді Ішкі істер департаментінің жол полициясы басқармасының басшысы.

О. Қосанов сондай-ақ, көлікті мас күйінде жүргізген жүргізушілер кінәсінен 14 жол-көлік оқиғасы тіркелгенін хабарлады. Онда 3 адам қаза тауып, 18 адам жарақат алған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны