07.04.2010, 17:58 3229

Астана қаласының 25 жастағы тұрғынынан 230 грамм героин тәркіленді

Астана қаласының 25 жастағы тұрғынынан 230 грамм героин тәркіленді

Астана. 7 сәуір. Kazakhstan Today - Астана қаласының 25 жастағы тұрғынынан 230 грамм героин тәркіленді. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қарағанды және Ақмола облыстарының полиция қызметкерлері Қарағанды-Астана тас жолында Мерседес автомашинасын ұстады. Автокөлік салонынан 230 грамм героин оралған пакет табылды. Ал, көлік иесі 25 жастағы Астана қаласының тұрғыны есірткі затын елордада сатпақ болған",- деді Қ.Жұманов.

Оның айтуынша, Алматы қаласындағы шағын аудандардың бірінде жалға алған пәтерде тұратын 27 жастағы Өзбекстан азаматы ұсталды. Оны жеке тексеру кезінде жалпы салмағы 110 грамм героин оралған 49 пакет тәркіленді.

"Апта ішінде 1849 қылмыс жасалды, оның ішінде "ізі суымай" 1426, бұрын жасалған 296 қылмыс ашылды. 129 күдікті қылмыс жасағаны үшін табылып, 8 қару тәркіленді. Сонымен қатар 166 есірткі қылмысы, оның ішінде 42 есірткі сату фактісі анықталды. 96 килограмм есірткі, оның ішінде 750 граммнан астам героин тәркіленді",- деді ІІМ өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны