05.10.2015, 15:38 4321

Астана қаласыныӊ әкімі жаӊа баспасөз хатшысын таныстырды

Бүгін кезекті аппарат жиналысында И. Жақсыбеков Астана қаласы әкімініӊ баспасөз хатшысы және баспасөз қызметініӊ жаӊа басшысы Утешева Жанар Изірқанқызын таныстырды

Астана. 06 Қазан. Kazakhstan Today - Бүгін кезекті аппарат жиналысында И. Жақсыбеков Астана қаласы әкімініӊ баспасөз хатшысы және баспасөз қызметініӊ жаӊа басшысы Утешева Жанар Изірқанқызын таныстырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ж. Утешева 2010 жылдан 2015 жылға дейін Астана қаласы Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасыныӊ баспасөз хатшысы болып қызмет атқарған, 2015 жылдан Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясыныӊ БАҚ-пен байланыс қызметінде жұмыс істеген. Үздік спорт журналисі ретінде С. Бедіқұлов атындағы премиясыныӊ лауреаты атанған (2011 ж.). Сонымен қатар, соӊғы екі жыл жүзінде БАҚ жұмыс мәселелері бойынша Геннадий Головкинніӊ командасына көмектескен болатын, деп хабарлайды astana.gov.kz тілшісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны