13.12.2007, 19:03 2810

Астана қаласының аудандық сотында ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының бұрынғы орынбасарына қатысты қылмыстық іс қаралуда

Астана қаласының аудандық сотында ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының бұрынғы орынбасарына қатысты қылмыстық іс қаралуда

Астана. 13 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Астана қаласының аудандық сотында ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Сәбит Қанатовқа қатысты қылмыстық іс қаралуда. Бұл туралы Астана қалалық прокурорының орынбасары Болат Дембаев бүгін өткен брифингте құлағдар етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" тілшісі.

"Аудандық сотта қазір ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының бұрынғы орынбасарына қатысты қылмыстық іс қаралуда. Оған кәсіпкерлік іс-қызметке заңсыз қатысқан, салық төлеуден жалтарған және заңды тұлғаларды ірі көлемдегі әкімшілік айыппұлдардан заңсыз босатып келген деген айыптар тағылған" -деді Б. Дембаев.

Астана қалалық прокуратурасы таратқан баспасөз баянында айтылғандай, С. Қанатов "түрлі кәсіпкерлердің кірістері мен шығыстары туралы декларацияларына бұрмаланған мәліметтер енгізіп, түрлі коммерциялық ұйымдарға салық төлеуден жалтаруға жол ашып берген".

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2007 жылдың 17 мамырында ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Сәбит Қанатов экономикалық қылмыстарға қытысы бар деген күдікпен ұсталды.

"ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының бұрынғы орынбасарына қатысты лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдалану, салық төлеуден жалтару деректері бойынша қозғалған 7 қылмыстық іс тексерілуде", - деді сол кезде ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігі төрағасының орынбасары Қайрат Қожамжаров.

Оның айтуынша, бұл істер бойынша келген шығын көлемі 136,5 млн теңгені құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны