20.05.2008, 10:04 1393

Астана қаласының Халыққа қызмет көрсету орталықтарының бірінің директорының орынбасарына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Астана қаласының Халыққа қызмет көрсету орталықтарының бірінің директорының орынбасарына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Астана. 20 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Астана қаласының Халыққа қызмет көрсету орталықтарының бірінің директорының орынбасарына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы баспасөз мәслихатында қалалық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (қаржы полициясы) басшысы Абзал Кәрімов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"12 мамыр күні жедел іздестіру шаралары кезінде 120 мың теңге алу кезінде Астана қалалық Сарыарқа аудандық №1 Халыққа қызмет көрсету орталығының директорының орынбасары қылмыс үстінде қолға түсті. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды", - деді А. Кәрімов.

Бұл ретте ол үстіміздегі жылдың 7 мамырында қалалық департаментке Халыққа қызмет көрсету орталығының директорының орынбасарына қатысты шағым келіп түскенін баяндады. Ол алаяқтық жолмен азаматтың 610 мың теңге көлеміндегі ақшасына ие болған. Ол оған жер телімін алуға ықпал етуге уәде берген.

"Соңында жоғарыда көрсетілген жер телімін берместен директордың орынбасары тағы 1 мың доллар талап еткен", - деп хабарлады елорданың қаржы полициясының басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны