08.02.2018, 16:14 5308

Астана қаласыныӊ мемлекеттік мекемелер қызметкерлерініӊ еӊбек ақысы жұмыстарына қарай бағаланатын болды

"Төмен жалақы сыбайлас жемқорлық жасауға ықпал ететін негізгі факторларыныӊ бірі болып табылады" - деді тұсаукесер рәсімінде жоба жетекшісі Жазира Жылқышиева.

Астана. 8 ақпан. Kazakhstan Today - Астана қаласыныӊ мемлекеттік мекемелер қызметкерлерініӊ еӊбек ақысы жұмыстарына қарай бағаланатын болды.

"Астана - адалдық алаӊы" жобасы аясында мемлекеттік және бюджеттік ұйымдар қызметкерлерініӊ еӊбек ақысын көтеру тәжірибесін қолдануға кірісті.

"Төмен жалақы сыбайлас жемқорлық жасауға ықпал ететін негізгі факторларыныӊ бірі болып табылады" - деді тұсаукесер рәсімінде жоба жетекшісі Жазира Жылқышиева.

Оныӊ айтуынша, басшылардыӊ жалақысымен олардыӊ бюджеттік қаражаттыигеру жауапкершілігін ешбір салыстыруға келмейді.

Мәселен, облыстық басқарма басшысы 200 мыӊ теӊге кемінде жалақымен 3 миллиардтан астам теӊге игеруді көздейтін бюджеттік бағдарламаныӊ әкімшісі болып табылады.

Басқа мысал: өӊірлік деӊгейдегі қызметші лауазымдық еӊбекақысы 54 мыӊ теӊге болса, тексеру жүргізу кезінде 1 млн. теӊгеден (500 АЕК) асатын өлшемдерде айыппұл салуға уәкілетті.

Басқаша айтқанда, тәуекелді лауазымдар тізбесі бар, олар ерекше көзқарасты талап етеді. Жазира Жылқышиеваныӊ айтуынша, мұндай лауазымдардыӊ тізілімін қалыптастыру қажеттілігі туралы бірнеше рет айтылған.

Мемлекеттік қызметшілердіӊ жалақыны көтеру бойынша факторлық-баллдық шәкіл пилоттық жоба ретінде Агенттіктіӊ, Иділет министрлігініӊ, Маӊғыстау облысы және Астана қаласы әкімдіктерінде енгізіліп отыр. Мемлекеттік қызметшілер және бюджеттік ұйымдардыӊ қызметкерлеріне еӊбекақыны жетілдіру бойынша жоба кеӊсесі талдау жүргізіліп, ұсынымдар әзірлейді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны