29.06.2010, 17:06 4120

Астана қаласының прокуроры тағайындалды

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, астана прокуроры Виктор Корчагин Астана прокуратурасындағы қызметінің бес жылдық мерзімінің аяқталуына байланысты Астана қаласының прокуроры лауазымынан босатылып, Ақтөбе облысының прокуроры лауазымына тағайындалды.

Астана. 29-маусым. Kazakhstan Today Бүгін күннің бірінші жартысында ҚР бас прокуроры Қайрат Мами мен Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов қаланың жаңа прокуроры Мұхтар Жөргенбаевті таныстырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызмеіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, астана прокуроры Виктор Корчагин Астана прокуратурасындағы қызметінің бес жылдық мерзімінің аяқталуына байланысты Астана қаласының прокуроры лауазымынан босатылып, Ақтөбе облысының прокуроры лауазымына тағайындалды.

Бас прокурор мен қала әкімі В. Корчагинге кіршіксіз сіңірген еңбегі үшін алғыстарын білдірді.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, М. Жөргенбаев 1955 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Прокуратурадағы еңбек жылдарын 1981 жылы әртүрлі лауазымда, тергеуші, аудан, қала прокуроры болып бастаған. 1999 жылдан 2009 жылға дейін Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарының прокуроры қызметін атқарған.

Аталған лауазымға тағайындалғанға дейін ҚР бас прокурорының орынбасары қызметін атқарған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны