24.09.2012, 16:02 2989

Астана, Қарағанды және Алматы қалаларында тегін таксилер жүре бастады

Еліміздің басты үш қаласында "Е-такси" акциясы басталды. Яғни, көшеде кездейсоқ, "egov" жазуы бар таксиді тоқтатқан жолаушы баратын жеріне тегін жеткізіледі.

Астана. 24-қыркүйек. Kazakhstan Today - Астана, Қарағанды және Алматы қалаларында тегін таксилер жүре бастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Еліміздің басты үш қаласында "Е-такси" акциясы басталды. Яғни, көшеде кездейсоқ, "egov" жазуы бар таксиді тоқтатқан жолаушы баратын жеріне тегін жеткізіледі.

Және электронды үкімет туралы толық мағлұмат алу мүмкіндігіне ие болады. Шараның мақсаты -www.egov.kz электронды үкімет порталы ұсынатын қызмет түрлері туралы халыққа ауқымды ақпарат тарату. Бұл портал арқылы үйден шықпай-ақ, қажетті анықтамаларды алып, салықты да төлеуге болады. Тағы қандай ерекшелігі барын "е-таксиге" мінгенде, промоуторлар түсіндіреді. Шара қазанның 3-іне дейін жалғасады.

"Такси ұстадым. Бір такси тоқтады. Электронды ақпарат туралы тыңдадық. Тегін апарды, таң қалдық. Рахмет. Енді egov.kz сайтын білдім, кіріп қараймын", дейді Астана қаласының тұрғыны Темірбек Өтешов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны