25.04.2014, 19:34 7683

Астана мәдени, спорттық, туристік орталыққа айналды - Н. Назарбаев

Астана мәдени, спорттық, туристік орталыққа айналды. Бұл туралы бүгiн Астананы одан әрi дамыту жөнiндегi жиналыс барысында ҚР Президентi Нұрсұлтан Назарбаев Астананың заманауи дамуына баға бере келе атап көрсетті.

Алматы. 25 сәуір. Kazakhstan today. Астана мәдени, спорттық, туристік орталыққа айналды. Бұл туралы бүгiн Астананы одан әрi дамыту жөнiндегi жиналыс барысында ҚР Президентi Нұрсұлтан Назарбаев Астананың заманауи дамуына баға бере келе атап көрсетті.

"Астана өткен жылдарда сияқты қарқынды дамуда. Негізі қаланған 16 жыл ішінде, мерзім қысқа болса да, көп белес бағындырылды. Біз қазір жоғары талаптарды қоюға көштік, өмір сүру қолайлы орнатылған елордалардың қатарына кіру", - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Н.Назарбаев елордадағы жаңа бастамалар туралы айтты.

"Тек өткен жылдың өзінд 1 млн 100 мың шаршы метр тұрғын үй салынды. Бұл өте жоғары көрсеткіш. Бір жылдың ішінде 4 мектеп, 8 балабақша мен амбулаториялық-емхана кешені халықтың игілігіне ұсынылды. Қаланың жыл санап қолға алып жатқан жобаларының арқасында ірі мәдени, спорттық, сауда және туристік орталыққа айналып отыр. Қалаға 1 млн-нан астам қонақ келсе, соның ішінде 100 мыңы шетелдік туристер", - деді Президент.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны