27.07.2017, 20:23 4585

Астана маӊы тұрғындары ASTRA көлік картасын пайдалана алады

ASTRA көлік карталарынан басқа, қала автобустық қатынаста жолақысын төлеу үшін жолақысын қолма-қол төлеу, 9500 теӊге тұратын ай сайынғы жол билеті (қағаз) - бұрынғы төлем түрлері сақталатын болады.

Астана. 27 шілде. Kazakhstan Today - 2017 жылғы 27 шілдеде 15.00 сағатта Астана қаласыныӊ әкімдігінде Астана қ. қала маӊы автобустық тасымалдарда жолақысын электрондық төлеу жүйесін (ЖЭТЖ) енгізудіӊ IV-кезеӊін іске асыру және қалалық жолаушылар көлігініӊ жүру схемасын өзгерту жөніндегі мәселелер бойынша баспасөз конференциясы өтті.

Іс-шараға Астана қаласы Жоллаушылар көлігі басқармасыныӊ басшысы Бекмырза Игенбердинов, "Астана LRT"ЖШС диспетчерлеу орталығыныӊ басшысы Бауыржан Сеитов, Астана LRT" ЖШС төлем жүйелері орталығыныӊ басшысы Сергей Попов және "Астана LRT" ЖШС жолаушылар көлігі бөлімініӊ жетекші маманы Ибдіхамит Тамабаев қатысты.

Астана қаласыныӊ көлік жүйесін жаӊарту шеӊберінде ағымдағы жылдыӊ 29 шілдесінен бастап Астана қ. қала маӊы автобустық бағдарларда жолақысын электрондық төлеу жүйесін (ЖЭТЖ) енгізудіӊ IV-кезеӊін іске асыруды бастайды. Бұл қала маӊы елді мекендерініӊ тұрғындарына қолма-қол төлемніӊ алдында бірқатар басымдылықтары бар Astra көлік картасын пайдалануға мүмкіндік береді.

o ASTRA көлік картасыныӊ құны - 400 теӊге

o 10 сапарды жүктегенде, 11-ші сапар тегін

o Көлік картасы 60 минут ішінде қалалық не экспресс автобусқа тегін қайта мінуге құқық береді, мұнда олаушы қалаға келгеннен кейін шығарда көлік картасын валидациядан өткізсе, электрондық төлем жүйесі жұмыс істейді

ASTRA көлік карталарынан басқа, қала автобустық қатынаста жолақысын төлеу үшін жолақысын қолма-қол төлеу, 9500 теӊге тұратын ай сайынғы жол билеті (қағаз) - бұрынғы төлем түрлері сақталатын болады.

Қала маӊы автобустарында жолаушыныӊ кіруі міндетті валидациямен және билет сатып алумен алдыӊғы есік арқылы ғана жүзеге асады.

Қала маӊы бағдарларында валидациялау кезінде әрекеттердіӊ келесі алгоритмін орындау қажет:

o Қала маӊы автобусына кіргенде жолаушылар электрондық көлік картасын валидаторға жақындату қажет. Сапар құны ASTRA көлік картасынан тарифтік аймаққа сәйкес шешіледі.

o Қала маӊы автобусымен қалаға келген соӊ, жолаушы 60 минут ішінде қалалық не экспресс-бағдарға қайта мінсе, онда ол қала маӊы автобусынан шығарда картаны валидаторға жақындатуы керек.

o Егер жолаушы қалалық не экспресс-бағдарға қайта мінуді жоспарламаса, онда ол қала маӊы автобусынан шығарда картаны валидаторға жақындатуы керек емес.

o Қаладан қала маӊына келгенде автобустан шығарда картаны валидациядан өткізуі қажет емес.

o Жолаушы қала маӊы автобусынан қалалық не экспресс-бағдарға бір сағат ішінде тегін міне алады. Кері тәртіпте тегін қайта міну мүмкін емес.

Жолақысын электрондық төлеу жүйесін енгізудіӊ бірінші кезеӊі

2016 жылғы 30 шілдеде басталғанын еске саламыз, соныӊ шеӊберінде үшін қала маӊы тасымалдарын пайдаланатын жолаушылардыӊ ыӊғайлығы сапар құнын орта шамамен 50 теӊгеге, кейбір жағдайда 100 теӊгеге (Аршалы-Астана) және 120 теӊгеге дейін (Бабатай-Астана) қысқартуға мүмкіндік берген көлік аймақтары енгізілген болатын.

Қала маӊы автобустарын электрондық төлемдер жүйесіне қосусыз тарифтік аймақтарды бөлу тұрғындарға тарифтік аймақ құнына үйренуге, төлем жүйесін түсінуге және электрондық төлемдерге жеӊіл өтуге мүмкіндік берді.

Қала маӊы қатынасы жолақысыныӊ құны Астана қаласы әкімдігініӊ

2015 жылғы 6 қазандағы № 108-1759 Қаулысымен бекітілген және мынаны құрайды:

o жолаушылар мен багажды қалалық автобуспен тасымалдауға - 90 (тоқсан) теӊге;

o жолаушылар мен багажды экспресс автобуспен тасымалдауға - 150 (жүз елу) теӊге;

жолаушылар мен багажды қала маӊы қатынаста тасымалдау тарифтері:

- 1-көлік аймағы - 90 теӊге;

- 2-көлік аймағы - 200 теӊге;

-3 көлік аймағы - 300 теӊге;

- 4 көлік аймағы - 400 теӊге. (№ 1-қосымша)

Қызмет көрсету сапасын жоғарылату, жолаушыларға белгілі бір жерге тез әрі ыӊғайлы жетуге мүмкіндік беретін оӊтайлы бағдар желісін құру үшін "Астана LRT" ЖШС тұрақты негізде күшті және әлсіз жақтарын шығара отырып, қоғамдық көліктіӊ жұмысын мониторингтейді және талдайды. Осы талдау нәтижелері жолаушы көлігініӊ даму бағыттарын және бағдар желісін жаӊарту тұжырымын есепке алып, Астана қаласыныӊ Жолаушылар көлігі басқармасына қалалық жолаушылар көлігініӊ жүру схемасын өзгерту немесе бағдарларды жою бойынша соӊғы шешім қабылдау үшін жолданады.

Астана қаласыныӊ көлік жүйесін жаӊарту шеӊберінде ағымдағы жылдыӊ 22 және 29 шілдесі аралығында кейбір қалалық жолаушылар автобусыныӊ жүру схемасы өзгеретін болады (№2-қосымша). Бұл шара жолаушылар ағыныныӊ өсуімен және жаӊа қалалық объектілерді, соныӊ ішінде тұрғын үй алаптарын пайдалануға енгізумен шартталады.

Ағымдағы жылдыӊ 22 шілдесінде "Алай-Astra" СО" - "Астана-Нұрлы жол" т/ж вокзалы" арасында қатынайтын, осы бағдардыӊ жүру аралығы

35 минутты құрайтын № 201 түнгі-экспресс бағдар енгізілді, ол 22:08-ден 07:10 сағатқа дейін жұмыс істейді.

Мына бағдарлардыӊ схемасы өзгертілді:

o "Көктал -2" т/а қызмет көрсетуге арналған № 501, "Сарыарқа даӊғ.", Сарыарқа даӊғ. бойындағы "Хабар" агенттігі" жанында адамдар жаппай жиналатын аялдамаларға қызмет көрсетуге арналған № 502, "Комфорт Таун" ТҮ" қызмет көрсетуге арналған № 503 "Shuttle-Bus" бағдарларыныӊ жүру схемасын өзгерту;

o Вильяма Шекспир көшесі мен А207 көшесіне қызмет көрсету үшін № 64 бағдарыныӊ жүру схемасын өзгерту (Индустриалдық парк аймағы);

2017 жылғы 24 шілдеден бастап №№ 8, 10, 15, 24, 37, 303, 304 бағдарларындағы автобустардыӊ саны өсті, сондай-ақ 2017 жылғы

31 шілдеден бастап №№ 5, 12, 17, 21, 40, 46, 50, 51, 500, 504, 506 автобустарыныӊ кестесі күшейтілетін болады. Бұл бәріне мәлім қалалық бағдарларыныӊ жүру аралығын қысқартуға, жүру кестесін ұстануға, жолаушылар айналымын ұлғайтуға және қоғамдық көлікті жолаушылар үшін анағұрлым тартымды етуге мүмкіндік береді.

Ағымдағы жылдыӊ 29 шілдесінде А. Байтұрсынов көшесі мен "Промышленный" т/а көлік қызметін көрсету үшін № 50 бағдарыныӊ жүру схемасы "Астана-Нұрлы жол" т/ж вокзалынан "Промышленный" т/а дейін ұзартылатын болады.

Сонымен қатар Астана қ. қала маӊы аймағын оӊтайлаумен және қала маӊы бағдарларына ЖЭТЖ енгізумен байланысты "Жібек жол ауылы" соӊғы пунктінен "Астана-Нұрлы жол" т/ж вокзалына" өзгертумен № 105 экспресс-бағдарыныӊ жүру схемасы өзгереді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны