12.04.2016, 17:31 3762

Астана маӊындағы әскери бөлімде лаӊкестікке қарсы операция өткізілуде

Бүгін Астана қаласыныӊ маӊындағы 68665 әскери бөлімінде 2016 жылға арналған ҚР ҚК Құрлық әскерлерініӊ басқару органдары, құрамалары мен бөлімдерініӊ дайындық жоспарына сәйкес әлеуетті министрліктер мен ведомстволардыӊ күштері мен құралдарын тарта отырып, жергілікті жердегі екі дәрежелі командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды

Астана. 12 сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін Астана қаласыныӊ маӊындағы 68665 әскери бөлімінде 2016 жылға арналған ҚР ҚК Құрлық әскерлерініӊ басқару органдары, құрамалары мен бөлімдерініӊ дайындық жоспарына сәйкес әлеуетті министрліктер мен ведомстволардыӊ күштері мен құралдарын тарта отырып, жергілікті жердегі екі дәрежелі командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Бұл оқу-жаттығудыӊ ерекшелігі бригада бөлімшелерініӊ лаӊкестікке қарсы операциялардыӊ тапсырмалардыӊ орындауы, арнайы әскери іс-қимылдарды ұйымдастыруы болмақ. Искери қызметшілер іс жүзінде өзге де әскерлер мен әскери құралымдардыӊ басқару органдарымен, аумақтық әскерлермен жедел және тактикалық деӊгейде өзара іс-қимылды пысықтайды", - делінген хабарламада, деп хабарлады Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Төмен қарқындылықтағы қарулы жанжалдарда Қарулы Күштерді қолданудыӊ халықаралық тәжірибесі ескеріле отырып, арнайы мақсаттағы бөлімшелерді даярлау мен жетілдіруге ерекше көӊіл аударылды. Еліміздегі оқу-жаттығудыӊ ниеті бойынша әлеуметтік-саяси жағдай шиеленіскен. Бірқатар елді мекендерде апаттық митингілер өткізілуде. Мұныӊ барлығы дүкендердіӊ жаппай ойрандалуы мен әкімшілік ғимараттар мен көліктіӊ өртенуіне ұласуда.

Бұныӊ бәрі лаӊкестікке қарсы операцияныӊ жүргізілуі мен арнайы әскери іс-қимылдардыӊ ұйымдастырылуына себепкер болуда. Аӊыз бойынша елдіӊ жолы қиын аудандарында атыс қаруымен, қол гранатаатқыштары, тасымалданатын минаатқыштармен жарақталған 100-150 адамнан құралған жауынгерлік жасақтар жасақталады. Топтамалардыӊ бірі ірі елді мекенніӊ жеке ғимаратында орналасты. Оқу-жаттығуға қатысушылардыӊ міндеті - ауданды қоршауға алу, заӊсыз қаруланған құралымныӊ топтамасын бұғаттау және қырып-жою болып табылады. Оқу-жаттығуды өткізу кезінде лаӊкестікке қарсы операцияны жүргізу үлгілері мен тәсілдерін дамытудыӊ негізгі үрдісі ескерілетін болады.

Ол блок-бекеттердегі бөлімшелердіӊ оқшаулау-бұғаттау іс-қимылдары, маӊызды мемлекеттік нысандарды күзету мен қорғау және бандқұралымдардыӊ топтамаларын жою. Оқу-жаттығуға Құрлық әскерлері бас қолбасшысы басқармасыныӊ, 68665 әскери бөлімініӊ, ҚР Мемлекеттік күзет қызметініӊ әскери қызметшілері, Астана қаласыныӊ Төтенше жағдайлар комитеті, ҚР Ұлттық ұланы тартылатынын айта кетейік. Оқу-жаттығуға барлығы 1000-нан аса жеке құрам және 200-ден астам бірлік әскери техника қатысады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны