21.09.2009, 14:12 1599

Астана мен Шымкент тұрғынынан екі килограмнан аса героин тәркіленді

Астана мен Шымкент тұрғынынан екі килограмнан аса героин тәркіленді

Астана. 21 қыркүйек. Kazakhstan Today - Астана мен Шымкент тұрғынынан екі килограмнан аса героин тәркіленді. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"16 қыркүйекте Шымкент қаласында, көшеде, полиция қызметкерлерімен қала тұрғыны ұсталып, жеке тінту кезінде одан 1 кг 720 грамм героин тәркіленді. 18 қыркүйекте Астана қаласында ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі, есірткі сатуға маманданлған 46 жастағы тұрғыннан 380 грамм героин тәркіленді",- деді Қ.Жұманов.

Оның хабарлауынша, апта ішінде 1920 қылмыс жасалды, оның ішінде 1499 қылмыс "ізін суытпай" ашылды, сондай-ақ бұрын жасалған 422 қылмыс ашылды. Қылмыс жасады деген күдікпен 355 адам іздестіріліп, 192 есірткі қылмысы, оның ішінде есірткі сатудың 43 фактісі анықталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны