04.09.2007, 12:51 2832

Астана мен София Қазақстанның "Южный поток" атты газ жобасына атсалысу мүмкіндігін талқылауда

Астана мен София Қазақстанның "Южный поток" атты газ жобасына атсалысу мүмкіндігін талқылауда.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 4 қыркүйек. АСТАНА. Астана мен София Қазақстанның "Южный поток" атты газ жобасына атсалысу мүмкіндігін талқылауда, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Президент екеуіміз газ тасымалдауға қатысты аса қызғылықты жобалар жайлы талқыладық", - деп хабарлады бүгін Болгария Республикасының вице-премьері - сыртқы істер министрі Ивайло Калфин Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуден кейінгі брифингте.

Атап айтсақ, айрықша маңызды екі газ жобасы - "Nabucco" мен "Южный поток" жайлы талқыладық. "Ресейдің бастамасымен жасалған "Южный поток" - аса маңызды жоба болып табылады, мен президент Назарбаевқа осы жобаға қатысты ақпараттарды бердім. Жоба жаңадан дәйектелу үстінде, сол себепті біз өзара идеялармен алмасып, бұл жобаға атсалысу жөніндегі мүдделерді бағалаудамыз", - деді И. Калфин.

Ол сонымен бірге келіссөздер барысында екі елдің мұнайға қатысты жобалар бойынша да ынтымақтастық орнату мәселелерін талқылағанын жеткізді. Мәселен, Калфиннің айтуынша, "Қазақстан тарапынан Бургас - Александруполис мұнай құбырын тарту жобасы бойынша нақты мүдделілік танытылып отыр".

"Қазақстан - Бургас - Александруполис мұнай құбырымен тасымалданатын мұнайды сатушы негізгі елдердің бірі. Меніңше, бұл жобаны жүзеге асыруға Қазақстанның да атсалысуына толық негіз бар", - деді Болгарияның вице-премьері.

Сонымен бірге, оның айтуынша, президентпен кездесуде Қазақстан мен Болгарияның экономика, туризм және транспорт саласындағы ынтымақтастығына қатысты мәселелер де әңгімеге арқау болған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны