08.07.2014, 20:34 2744

Астана - Павлодар бағыты бойынша авиарейсті мемлекет тарапынан субсидиялау нәтижесінде билет құны 18 мың теңгеге дейін төмендетілді

"7 шілдеден бастап Астана - Павлодар бағыты бойынша рейстер жиілігі 4-тен 7-ге дейін көбейіп, ал билет құны 18 мың теңгеге дейін төмендетіледі",- деп хабарлайды Көлік және коммуникация министрлігі.

Алматы. 8 шілде. Kazakhstan today. Көлік және коммуникация министрлігі Астана - Павлодар бағыты бойынша авиарейсті қаржыландырады.

"7 шілдеден бастап Астана - Павлодар бағыты бойынша рейстер жиілігі 4-тен 7-ге дейін көбейіп, ал билет құны 18 мың теңгеге дейін төмендетіледі",- деп хабарлайды Көлік және коммуникация министрлігі.

"Бұл бағытты қаржыландыру жөніндегі шешім Астана - Павлодар автомобиль жолын қайта салумен байланысты, - деп мәлімдеді ҚР Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Бекен Сейдахметов. - Жолды қайта салу жұмыстары жұртшылыққа қолайсыз жағдай туындатпау үшін рейсті қаржыландыру жылдың аяғына дейін жүргізіледі".

Атап өтетін болсақ, қазіргі кезде Көлік және коммуникация министрлігі 7 ішкі бағытты қаржыландыруда: Астана - Жезқазған - Астана, Алматы - Көкшетау - Алматы, Қарағанды - Қызылорда - Қарағанды, Өскемен - Қарағанды - Өскемен, Астана - Петропавл - Астана, Алматы - Петропавл - Алматы, Алматы - Үржар - Алматы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны