01.07.2008, 14:41 1231

Астана полициясы мерейтойлық салтанаттар кезеңінде күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілді

Астана полициясы мерейтойлық салтанаттар кезеңінде күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілді

Астана. 1 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Астана полициясы мерейтойлық салтанаттар кезеңінде күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Астананың 10 жылдық мерейтойын атап өтуге және ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының 17-ші жыл сайынғы сессиясы өткізілуге байланысты ІІМ мен Астана қалалық ІІД қалада қоғамдық тәртіпті сақтауға бірқатар ұйымдастырушылық-тәжірибелік шараларды қабылдайды", -делінген хабарламада.

"Белгіленген іс-шараларды өткізетін мерзімде қоғамдық тәртіпті қорғауға Астана ІІД-нің қызметкерлері толық құраммен, сондай-ақ, жақын маңдағы Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары мен ІІМ оқу орындарынан 800 қызметкер жұмылдырылады. Сондай-ақ, ІІМ орталық аппаратының 250 қызметкері мен ішкі әскерлердің 500 жауынгері тартылады", -делінген хабарламада.

Ішкі істер органдарының жұмылдырылған күш-құралдарын үйлестіру үшін шұғыл штаб құрылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны