15.09.2009, 13:11 1493

Астана полициясы Өзбекстанның үш азаматшасын республика аумағынан қудаламақшы

Астана полициясы Өзбекстанның үш азаматшасын республика аумағынан қудаламақшы

Астана. 15 қыркүйек. Kazakhstan Today - Астана полициясы елімізде жезөкшелікпен шұғылданып жүрген Өзбекстанның үш азаматшасын республика аумағынан қудаламақшы. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Астана қалалық ІІД-нің мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің бастығы Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Н. Ораздың айтуынша, жезөкшелікпен және жеңгетайлықпен шұғылданып жүрген тұлғаларды анықтау үшін демалыс және көңіл көтеру орындарында жедел шаралар өткізілді.

"Төсек қызметін көрсетіп жүрген 12 қыз аты-жөндерін анықтау үшін қабылдап-таратқышқа тоғытылды. Олардың үшеуі - Өзбекстан азаматшалары. Шетел азаматтарының Қазақстанда болу ережелерін бұзғаны жөнінде үш әкімшілік хаттама қозғалды. Оларды Қазақстан аумағынан шығарып жіберу мәселесі шешілуде", - деді ІІД өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны