18.06.2009, 17:13 2610

Астана прокуратурасы Қуат корпорациясының қаладағы филиалдарын тексеру және оларға қатысты процессуалдық шешім қабылдау жөнінде Ішкі істер департаментіне тапсырма берді

Астана прокуратурасы Қуат корпорациясының қаладағы филиалдарын тексеру және оларға қатысты процессуалдық шешім қабылдау жөнінде Ішкі істер департаментіне тапсырма берді

Астана. 18 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Астана прокуратурасы Қуат корпорациясының қаладағы филиалдарын тексеру және оларға қатысты процессуалдық шешім қабылдау жөнінде Ішкі істер департаментіне тапсырма берді. Бұл туралы Астана прокуратурасы басқармасының прокуроры Ғалым Шегенов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Астана қалалық прокуратурасы 4 маусымда Ішкі істер департаментіне Қуат корпорациясының қаладағы "Корпорация KUAT Градстрой" АҚ, "KUAT Kont Vent" ЖШС, тағы басқа да филиалдарына тергеу алдындағы тексерулер жүргізу және оларға қатысты процессуалдық шешім қабылдау жөнінде тапсырма берді", - деді Ғ. Шегенов.

Оның айтуынша, компания филиалдарының іс-әрекеттерінен ҚР Қылмыстық кодексінің 148-ші бабының 3-тармағында қарастырылған (Басқару қызметін атқарушы адамның ақша қаражатты өзге мақсаттарға пайдалануына байланысты жалақының толық көлемінде және белгіленген мерзімде төленуін бірнеше рет кідіртуі) қылмыс белгілері көрінуде.

"Егер осы барлық деректер расталатын болса, процессуалдық шешім қабылданады, оған сәйкес олар не қылмыстық жауапкершілікке тартылады, немесе, қылмыстық іс қозғаудан бас тартылады. Ондай жағдайда біз оларды әкімшілік жауапкершілікке тартамыз", - деді мекеме өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны