24.07.2014, 21:20 3957

Астана - Щучинск трассасындағы арнайы табло жүргізушілерді ауа райы туралы ескертеді

"Автоматтандырылған жол метеостанциясы метеокөрсеткіштердің 30-ға жуық параметрлерін өлшеп отырады. Оның ішінде, ауа температурасы, салыстырмалы ылғалдылық, жауын-шашынның қарқындылығы мен түрлері, желдің бағыты мен жылдамдығы", - делінген хабарламада.

Алматы. 24 шілде. Kazakhstan today. Астана - Щучинск трассасындағы арнайы табло жүргізушілерді ауа райы туралы ескертеді. Аталған қосалқы жүйесі автомобиль жолдары мен жол төсемінің ауа райының жағдайы жөніндегі ақпаратты жинақтап, өңдеп, оны басқаруға арналған метеорологиялық жағынан қамтамасыз ету автоматтандырылған жүйе болып табылады, - деп ККМ хабарлады.

"Автоматтандырылған жол метеостанциясы метеокөрсеткіштердің 30-ға жуық параметрлерін өлшеп отырады. Оның ішінде, ауа температурасы, салыстырмалы ылғалдылық, жауын-шашынның қарқындылығы мен түрлері, желдің бағыты мен жылдамдығы", - делінген хабарламада.

Жүйенің құрамына келесі бөлшектері кіреді: автоматтандырылған жол метеорологиялық станция, жүйе операторының жұмыс орны мен ақпараттық табло. Метеостанция құрамына жол бетінің жағдайын (құрғақ, ылғалды, су, химикат пен су аралас, мұз, қырау, қар, судың бары, мұзға қарсы химикатты бақылау, жердің бетіндегі су қабаты және қату температурасын бағалау) анықтайтын жол датчигі кіреді.

Учаскедегі қалыптасқан жағдай жөнінде жүргізушілерді ақпараттандыру және ескерту мақсатында мәліметтерді сақтау серверіне онлайн түрінде тұрақты қол жеткізе алатын жүйе операторы уақыт, ауа температурасы, ағымдағы ауа райы мен ең жоғарғы жылдамдық жайындағы 4 параметрді көрсететін жарық диодтық таблоға қажетті ақпаратты шығарып отырады.

Аталған метеостанция Астана - Щучинск жолында "Қазақстанда магистральдық зияткерлік көлік жүйелерін жасау және дамыту жөніндегі 2020 жылға дейін жоспарды" іске асыру аясында жоғары жылдамдықты автомагистральдер мен халықаралық бағыттардағы трассаларда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізілген.

Айта кететін жайт, оператордың тиісті орыны "Лаборатория Генезис" қазақстандық компаниясы әзірлеген арнайы мамандырылған бағдарламалық жасақтамамен жабдықталған. Бағдарлама мәліметтерді талдап, операторға қажетті ұсынымдарды шығарып береді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны