24.02.2016, 15:13 3570

Астана тұрғындары қала басшысыныӊ қабылдауында болды

Икімге жолданған сауалдардыӊ көбі тұрғын үй мен жұмысқа орналасу, құрылыс, кәсіпкерлікті дамыту, мүлікті заӊдастыру, білім және т.б. мәселелерге қатысты болды

Астана. 24 ақпан. Kazakhstan Today - Астана әкімі Иділбек Жақсыбеков жеке қабылдау жүргізу барысында алғашқы екі сағатта 22 елордалық тұрғынмен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Икімге жолданған сауалдардыӊ көбі тұрғын үй мен жұмысқа орналасу, құрылыс, кәсіпкерлікті дамыту, мүлікті заӊдастыру, білім және т.б. мәселелерге қатысты болды, деп хабарлайды astana.gov.kz тілшісі

Икімніӊ қабылдауына бірінші болып Кенжегүл Базарбаева кірді. Ол биыл қаӊтар айында жұмысында қысқартуға ілігіп, жұмысқа орналасуға көмек сұрады. Бұл мәселе бірден шешілді. Астана қаласыныӊ Жұмыспен қамту орталығы қала тұрғынына бірнеше бос орын ұсынды, олардыӊ бірі К. Базарбаеваныӊ біліктілігіне сәйкес болып шықты.

Жаӊа бастап жатқан кәсіпкер Тимур Қалтаев әкімнен көше саудасын жасау үшін 1000 орын бөлу жөніндегі әкімдік жобасы аясында өз бизнесі үшін орын алуға көмек көрсетуін сұрады. "Өткен жылы мен йогуртты балмұздақ дайындау бойынша франшиза сатып алған болатынмын, бұл экологиялық таза өнім, өте пайдалы. Алдағы уақытта бизнесті қоғамдық тамақтану орнына дейін кеӊейту және қазақстандық франшиза жасау жоспарымда бар", - деді жас кәсіпкер әкімге өнімді көшеде сатуға арналған орынныӊ нобайын таныстыра отырып.

И. Жақсыбеков елордада шағын және орта бизнестіӊ дамуына баса назар аударылатынын атап өтті. Оныӊ айтуынша, қазіргі кезде көше саудасын ұйымдастыру үшін 1000 орын анықтау бойынша жұмыстар белсенді жүргізіліп жатыр. Бұл шағын бизнестіӊ дамуын ынталандырып, жас кәсіпкерлер үшін қолдау болмақ. Икім қабылдауға қатысқан Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысыныӊ орынбасары Рысгүл Қауғабаеваға жас кәсіпкердіӊ сауалын жеке бақылауға алып, Т. Қалтаевқа көмек көрсетуді тапсырды.

15 жылдық өтілі бар жедел жәрдем бригадасыныӊ дәрігері Гүлмира Сакибаева баспана алуға көмектесіп, ұлын балабақшаға орналастыруды сұрады. Оныӊ айтуынша, қазіргі кезде олар Ильинка кентінде уақытша үйде тұрып жатыр. И. Жақсыбеков жедел медициналық жәрдем жұмысын модернизациялау бойынша кешенді жоспар қабылданғанын жеткізді. Оныӊ аясында Астанада материалдық-техникалық базаны одан әрі нығайтумен қатар, дәрігерлер мен денсаулық сақтау саласы мамандарына жағдайлар жасалуда. Икім Денсаулық сақтау басқармасыныӊ басшысы Ерік Байжүнісовке қызметтік баспана ұсыну және балабақшадан орын бөлу мәселесін өз бақылауына алуды тапсырды. Кездесуде өткен жылы жедел жәрдем дәрігерлеріне балабақшалардан 94 орын бөлінгені, сондай-ақ, қызметтік баспаналар ұсынылғаны айтылды.

Айта кетейік, биыл барынша көп халықты қамту мақсатында әкімніӊ халыққа есеп беру кездесуініӊ форматы өзгертілді. Қала әкімініӊ орынбасарлары да тұрғындарды жеке қабылдау жүргізді. Алғашқы сағатта еӊ көп өтініш елорда әкімініӊ бірінші орынбасары Сергей Хорошунға жолданды - 16. Жалпы, алғашқы екі сағаттыӊ ішінде 34 адам Астана әкімі орынбасарларыныӊ қабылдауында болды.

Конгресс-Холлда азаматтарды қабылдау жалғасып жатыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны