27.02.2008, 15:32 2502

Астана тұрғындары жыл басынан заңсыз сақталған 19 бірлік қару мен 1 гранатаны тапсырды

Астана тұрғындары жыл басынан заңсыз сақталған 19 бірлік қару мен 1 гранатаны тапсырды

Астана. 27 ақпан. "Қазақстан Бүгін - Астана тұрғындары жыл басынан заңсыз сақталған 19 бірлік қару мен 1 гранатаны тапсырды. Бұл туралы бүгін өткен брифингте Астана ІІД бастығының орынбасары Қайрат Мұхитов құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Акция барысында 19 азамат заңсыз сақталған 19 бірлік қару мен бір гранатаны тапсырды. Оларлың ішінде 4 кесілген ұзын оқпанды қару мен тегіс оқпанды 15 мылтық тапсырылды", деп хабарлады Қ. Мұхитов.

Оның сөздері бойынша, қарастырылған материалдық істер бойынша 12 азаматқа ақшалай төлемдер беру туралы шешім шығарылып, қаржы олардың есеп шоттарына аударылды.

"Мәселен, 25 қаңтарда Астана тұрғыны акцияның өткізілуін естіп, ұзын оқпанды "ТОЗ-8" маркілі мылтығын тапсырды. Қаруда ол үйді сатып алғаннан кейін тауып алған. Комиссияның сый ақы көлемін беруге байланысты жүргізген жұмыстары бойынша, 58 мың 400 теңге белгіленді ", -деп қорытындылады астаналық ІІД бастығының орынбасары.

Аталған шараларды жүргізу үшін республикалық бюджеттен 4 млн теңге бөлінді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны