06.12.2011, 17:09 3173

Астана тұрғыны өзін тонап кетті деп полицияға жалған шағым түсірген

Астананың екі тұрғыны 5 млн теңге көлеміндегі ақшаны иемдену мақсатымен өздерінің тоналғанын ойдан шығарған. Бұл туралы елорда ІІД-сінің баспасөз қызметі мәлімдеген.

Астана. 6-желтоқсан. Kazakhstan Today - Астана тұрғыны өзін тонап кетті деп полицияға жалған шағым түсірген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазТаг ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Астананың екі тұрғыны 5 млн теңге көлеміндегі ақшаны иемдену мақсатымен өздерінің тоналғанын ойдан шығарған. Бұл туралы елорда ІІД-сінің баспасөз қызметі мәлімдеген.

"Астана ІІД Алматы ауданының ІІБ-сына белгісіз біреудің бәсеңдеткіші бар тапаншамен қорқытып, 31 жасар Ш. азаматтан Т5 млн ұрлап кеткені туралы хабар түскен", - делінген сейсенбі күні таратылған ақпаратта.

"Қылмыс орнына оперативті-тергеу тобы жетіп, оқиға орнын, соның ішінде "ниссан" маркалы автокөлігін тексеріп, қарап шыққан. Тонау оқиғасы кезінде көліктің ішінде 1986 ж.т. К. деген азамат пен жәбірленуші Ш. отырған. Бұл факт бойынша ҚР ҚК 179 бабы (қарақшылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

ІІД мәліметтеріне сәйкес, жүргізуші мен жәбірленушінің айтқандарын салыстырған полицейлер айырмашылықтар бар екенін анықтаған. Кейін оқиғаның ойдан шығарылғаны белгілі болды.

"Сыбайластар қылмысты өздері жұмыс істейтін жеке меншік фирманың Т5 млн ақшасын иемдену мақсатымен ойдан шығарған", - делінген ақпаратта.

ІІД ақпаратына сәйкес, ұсталғандар кінәларын мойындады. Ақша тәркіленіп, жеке меншік фирманың басшысына қайтарылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны