20.12.2013, 20:48 3147

Астана туризмдегі Азия қаласы мәртебесіне үміткер болады - ТИК

Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Игалиев Қазақстанның Елордасы Астана қаласы азиялық туризм қаласы дәрежесін алу үшін барлық күшін салатынын айтады.

Алматы. 20 желтоқсан. Kazakhstan today. Қазақстанның астанасы туризмдегі Азия қаласы мәртебесіне үміткер болады, деп Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады

"Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Игалиев Бахрейнде өткен 12-ші Азиялық министрлік диалог кездесуге қатысты", - делінген хабарламада.

Іс- шара барысында "Азиялық туризмін дамыту тұжырымдамасы" қабылданды. Тұжырымдаманың негізгі бөлімі азиялық туризм қаласын таңдау болды.

Азиялық туризм қаласының дәрежесі әр елде бір жыл бұрын талқыланатын болады. Азияның 30 дан астам қалаларында таңдалған қаланы белсенді түрде жарнамалап, алға жылжытатын болады.

2014 жылы азиялық туризм қаласы болып Бахрейн астанасы Манама қаласы таңдалды.

Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Игалиев Қазақстанның Елордасы Астана қаласы азиялық туризм қаласы дәрежесін алу үшін барлық күшін салатынын айтады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны