13.06.2011, 16:00 3709

Астана ҰҚКД алдындағы жарылыс қуаты тротил баламасы бойынша 2,5 кг құрады

"Пайдаланылған жарылғыш зат анықталды - тротил баламасы бойынша 2-2,5 кг аммиакты-селитрий қоспасы", - деді Қ.Қасымов.

Астана. 13 - маусым. Kazakhstan Today - 24 мамырда Астанада Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің тергеу изоляторы (ҰҚКД ТИ) алдында автокөлікте орын алған жарылыс күші тротил баламасы бойынша 2-2,5 кг құрады. Бұл жөнінде бүгін журналистерге берген сұхбатында ҚР ІІМ басшысы Қалмұханбет Қасымов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі BNews.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

"Пайдаланылған жарылғыш зат анықталды - тротил баламасы бойынша 2-2,5 кг аммиакты-селитрий қоспасы", - деді Қ.Қасымов.

"Жарылғыш зат салынған сөмке автомобильдің жүргізуші артындағы артқы орындықтың астына салынған",- деп нақтылады ІІМ басшысы.

Қасымовтың айтуынша, жарылыс кезінде қайтыс болған екінші адам, бұрын сотталған 1976 жылғы Подкосов Сергей Анатольевич, түрмеден шыққаннан кейін бір жарым ай Алматыда тұрған соң Павлодар облысына көшіп, онда алтын өндіруші өнеркәсіптің үңгушісі қызметін атқарған.

"Біз оның Екібастұзға қалай келгенін анықтадық. Такси жүргізушілерінің бірі оның үлкен сөмкемен келгенін айтты. Ары қарай оны жарылыста қаза тапқан біздің таксист Астанаға алып келеді", - деп қосты Қ.Қасымов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны