29.04.2015, 14:14 4433

"Астана және Алматы қалаларыныӊ, облыстардыӊ әкімдері туралы" Жарлық

Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметінен хабарлады.

Астана. 29 сәуір. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Астана мен Алматы қалаларыныӊ, облыстардыӊ әкімдері туралы" Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігіні? тілшісі.

Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметінен хабарлады.

Қазақстан Республикасы Конституциясыныӊ 87-бабыныӊ 5-тармағына сәйкес жаӊадан сайланған Қазақстан Республикасыныӊ Президенті қызметіне кіріскен кезде Астана және Алматы қалалары, облыстар әкімдерініӊ өкілеттігініӊ тоқтатылуына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Астана және Алматы қалаларыныӊ, облыстардыӊ әкімдері тиісті әкімдер тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқаратын болсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2015 жылғы 29 сәуір
№ 3

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны