Система Orphus

Астана Жол картасы Энергетикалық Хартия сессиясында қабылданады - Ұ.Қарабалин

11.06.2014, 19:39 2515

Алматы. 11 маусым. Kazakhstan today. Биылғы жылдың қараша айында өтетін Астанадағы 2015-2019 жылдарға арналған 25-інші Энергетикалық Хартия конференциясының сессиясына Астана Жол картасын қабылдау жоспарланған. Бұл туралы бүгін Энергетикалық Хартия Бас хатшысы Урбан Руснактың қатысуымен өтке баспасөз конференциясында ҚР мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин мәлімдеді.

"Хартия түсіністікке негізделген. Осы арқылы барлық тараптар энергетикалық сектордағы ынтымақтастық балансын ұтады. Табиғи ресурстарға бай мемлекеттер энергетикалық ресурстарды қайта өңдеу мен қамтамасыз ету саласына инвестиция тартудың қосымша әдістерін алады", - дейді ол.

Ұ.Қарабалиннің айтуынша, импорттаушы мемлекеттер елге энергетикалық инвестиция қорғанысына қол жеткізеді.

"Энергетикалық Хартияның басты мақсаты - энергетика саласындағы халықаралық ынтымақтастық механизмін құратын құжаттарды дайындауға қатысуды талқылау. Қазақстан үшін энергетикалық ресурсты дамыту мен сауда жайы алаңдатпақ", - деді ол.

Сонымен қатар, Қазақстан сотқа дейінгі тәртіптегі жанжалдарды шешу форматындағы медиация бойынша жаңа ерікті ереже механизмін дайындау бастамасын көтеріп отыр.

Өз кезегінде У.Руснак Қазақстан үшін ЕАЭО құру жағдайында өзекті болып табылатын Энергетикалық Хартияны жаңғыртуды іске асыруға қатысу маңыздылығын айтты.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны